Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола  облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес келетін:

– Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарда оқитын;

– халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын;

– жастар ұйымдарының құрамына кіретін мүшелері мен белсенділері;

– шығармашылық және мәдениет саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген (Халықаралық шығармашылық конкурстарда жүлделі орындар және т.б.);

– Ақмола облысы атынан қатысқандар үшін әртүрлі спорт түрлерінен жоғарғы нәтижелерге жеткен (Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен олимпиадалық ойын түрлері бойынша Халықаралық чемпионаттардан орын алған, немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Халықаралық чемпионаттардан жүлделі орындар алған)  студенттер жатады.

Құжаттар 2022 жылдың 12 қыркүйегінен бастап 12  қазанына  дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға қойылатын талаптар, сонымен бірге тапшы мамандықтар тізімі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының сайтында орналастырылған.

Өтінімдер Ақмола облысы ішкі саясат басқарамасында мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қ. Сәтпаев көшесі, 1 «Б» үй, 2  қабат, 241 және 243 А кабинеттері.

Қосымша ақпарат бойынша мына телефонға хабарласа аласыздар: 40-12-29.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар