Үй ішінде бала тәрбиесі ана тіліне негізделуі керек

«Отан – отбасынан басталады», «Тіл – ұлттың жан-дүниесі» демекші, отбасының,қазақ тілінің бүгіні мен болашағы кім-кімді болса да алаңдатары сөзсіз. Қазіргі ақпараттық технология дамыған ХХІ ғасырда ана тілінің мәртебесі төмендеп келе жатқандығы белгілі. Осы тақырыпта болашақ педагог ретінде колледж студенттері арасында сауалнама жүргізілген болатын. Сол сауалнамаларға жауаптардың ішінен бізге колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімшесінің студенті Штаутынгер Янаның ой-пікірі  өзгеше көрінді. Ұлты басқа болғанымен, тілі қазақ осы бір жас азаматшамыздың біздерге жанашыр жазбасын «Арқа ажары» газетіне ұсынғанды жөн деп таптым. 

 Қадыр Мырза-Әлі атамыз: «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деп атап көрсеткен еді. Біздің халқымыздың тілі – қазақ тілі. Біз үшін таза қазақша сөйлеу – мәдениеттіліктің белгісі. Биылғы жылы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне отыз үш жыл толады. Бірақ, қандай да бір елеулі табыстар туралы біз әлі де айта алмаймыз. Халықтың көбі орысша сөйлейді. Өзге ұлт өкілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің болашақ маманы ретінде осы мәселені шешудің өзім әзірлеген әдіс-тәсілдерін ұсынғым келеді.

Қазақ тілінің қазіргі кездегі мәселелері: отбасы; анимация, яғни, балалар көретін мультфильмдер; қоршаған орта мен достары;балабақша мен мектеп;оқитын кітаптар; интернет ресурстары. Осы мәселелерді толығырақ қарастырайық.

Барлық құндылықтар отбасында бала бойына сіңіріледі. Тәрбие де отбасынан басталады. Тәрбиелі бала – елін сыйлайтын, құрметтейтін бала. Енді отбасындағы тіл мәселесіне келейік. Тілді меңгеру мәселесі тікелейата-анаға, отбасына байланысты. Сәби дүниеге келгеннен бастап ата-анасы сөйлейтін тілді естиді, ұғынады, содан кейін баланыңтілі осы тілде шығып, дами бастайды. Бірақ,өкінішке орай, қазіргі кезде ата-аналар көбінесе орысша сөйлеуге бейім. Еліміздегі қазақ тілініңпроблемасы да осыдан туындайды.

«Неге бұл мәселе ертеде тап бұлай байқалмады?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұраққа былай деп жауап берер едік. Көптеген балалар ата-әжесінің қолында өсті. Бірақ, қазір әженің тәрбиесінде болу сәнге жатпайды. Сондықтан, ата-ана баласын өз ата-анасынан гөрі бөтен адамның тәрбиесіне бергенді жөн көреді. Екінші жағынан, кейбір ата-әжелердің бір-бірімен орысша сөйлесетіні тағы бар. Мүмкін, бұл Кеңес Одағы заманынан қалған болар… Дегенмен,қазақ ұлты өкілдерінің көпшілігі дерлік өз ана тілін құрметтеп, балаларының қазақ тілінде сөйлеуіне ықпал еткісі келгенімен, отбасы мүшелері қазақша сөйлесе де, соңғы жылдары дүниеге келген балалардың көпшілігі дерлік орыс тілінде сөйлей бастады. Біздің келесі мәселе осыдан туындайды.

Анимация деген сөзді естігенде ойымызға бірден мультфильмдер мен фильмдер келеді. Сонда бұл жерде тіл мәселесі неде?  Әрбір бала теледидар көреді.  Қазіргі таңда елімізде балаларға арналған 2010 жылы ашылған«Балапан» деген бір ғана телеарна бар. Бұларнада тек мультфильмдерғанаемес, баланыңдамуынаарналғанбағдарламалар да бар. Бірақ 8-9 жасқадейін бала тек мультфильмдергеқызығады.Олайболса, осы арнаныңмультфильмдеріненазараударайық.  Мұндақазақтілінеаударылғаншетелдікмультфильмдерөтекөп. Бірақ,көбінесеаудармадұрысжасалмайды, мультфильмніңтүпнұсқадыбысыестіледі, осыдан мультфильм туралыоншажақсыемеспікірпайдаболады, соныменқатар,балаларкейіпкерлердің не туралыайтыпжатқанынбірдентүсінбеуімүмкін.Сондықтан,олармультфильмдердіорыстіліндекөргендіжөнкөреді.  Қазақмультфильмдерінекөшейік.  Иә, олардың саны көпемес, кемшіліктері де аз емес.  Мысалы, «Алдаркөсе» анимациялықсериалыналайық. КейіпкерАлдардың басы өтеүлкен, ал Байдыңәйелініңтүріөтеқорқынышты.  Баланыңбұлмультфильмдікөргісікелмейтінініңсебебі де осы.  Сондай-ақ,шетелдікмультфильмдердіңкөпшілігібалаларғажаңанәрсеніүйретеді. Біз, көбінесе,фантастикалықмультфильмдердікөрсетеміз, олардыңкөбінесіндетәрбиелікмәніжоқ.

Келесімәселеміз – қоршаған орта мен достар.  Әр бала есейе келе,сыртқашығып, әртүрліадамдарменараласабастайды, достар табады.  Мұнда да тілмәселесі бар.  Әрбірадамөзінқоршағанортағанемесеадамдарғаөте тез бейімделеді.Егер компания орыстіліндесөйлейтінболса, әрине, баланыңөзібасқаларменбірдейтілдесөйлейді. Мен өмірденмысалкелтірейін.Меніңотбасымның барлық мүшелеріорыс тілінде сөйлейді.  Бірдеорысшабілмейтінқыздыкездестірдім, оныментілдесу өтеқиынболды, бірақуақытөтекелебір-бірімізбенараласуғадағдыландық. Мен аздапқазақшасөйлейтінмін, ал олорысшасөйледі. Мұныөзараәрекеттестікдепатауғаболады.  Бұл– баланыңжаскезіндеөзіотырғанқарым-қатынасортасынабейімделеалатыныныңайқынмысалы.

Қоршаған орта тек достарғанаемес.Сондай-ақ, бұл– бізбаратындүкендер, сауда орындары, мәселелердіңкезкелгеншешімі, құжаттама.  Мұныңбәрікөпжағдайдаорыстіліндежүргізіледі. Қазақшасөйлейтінсатыпалушымен сатушыөтесиреккездеседі.Сондай-ақ,ауруханалардакөбінеседәрігерлердіңөздерідәрініңаудармасынбілмейдінемесенауқасқааурудытүсіндіріпалмай, орыстіліндехабарлайды.

Отбасындағы көптеген балалар балабақшаға барады.  Бізде таза қазақ немесе таза орыс балабақшаларымен қатараралас балабақшалар да бар. Ата-аналардың көпшілігі балаларын аралас балабақшаларға береді, ал онда көбінесе бәрі орысша сөйлейді.  Ол даярлық сыныпқа немесе бірінші сыныпқа дейін 4-5 жыл балабақшадан тәрбие алатынын білдіреді. Осыған орай, бала кез келген жағдайда ол жерде өзі оқытылатын тілде таза сөйлейтінін түсінуге болады.  Өйткені, күнде бала балабақшада 10-12 сағат болады. Балабақшадан кейін мектепке ауысқанда, ата-аналар баласын қазақ тілінде оқи алмайды деп қорқып, орыс мектебіне береді. 9-11 жаста бала, керісінше, қай тілде оқыса, сол тілді меңгереді деп ешкім ойламайды (өзіндік тәжірибеме сүйенемін). Бірақ, бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің өзі қазақ тілінде таза, әдемі сөйлей білуі, қатесіз жазуы, елінің абзал, лайықты азаматының үлгісі болуы керек. Өйткені, көпшілік мектепті екінші үйі ретінде санайды. Сондықтан, ұстаз балаға үлгі, екінші ата-анасы сияқты керек.  Мұның бәрі оның шеберлігіне байланысты.

Тіл тарихын білу үшін тарихты ғана емес, әдебиетті де оқу керек.Бірақ, бұл салада да кемшіліктер жоқ емес. Қазіргі жастар құпия, қорқынышты (ужас), сондай-ақ фантастикалық шығармаларды оқығанды ​​жақсы көреді.  Бірақ, қазақ әдебиетінде мұндай шығармалар өте аз. Әрбір оқиға бір-біріне өте ұқсас. Осыдан балалар мен ересектердің оқуға ынтасы жоқ, өйткені ол жерде қызық ештеңе жоқ екенін біледі. Ал, шетел әдебиетінде бәрі сан алуан, олар үнемі жаңалық ойлап табады. Біз басқа елдерден де ертегілерді аударамыз, бірақ мұның да кемшіліктері бар, өйткені, аудармалар дұрыс емес, ал біздің ұрпақ өте ақылды болғандықтан, олар ең кішкентай дәлсіздіктерді де байқайды. Иллюстрация жағынан да өте әлсізбіз.

Телефон – әр адамның ең сүйікті бұйымы. Сіз одан жаңа нәрсе таба аласыз, сондай-ақ көңіл көтеру үшін әртүрлі ақпараттарды тыңдай және көре аласыз. Одан әртүрлі тілде кез келген іздегеніңізді таба аласыз. Ал, қазақ тілінде ресурстар өте аз. Ең танымал YouTube – бұл көптеген фильмдер мен мультфильмдер арнасы. Балалардың көпшілігіосы каналдан кішкентай балалардың қолдан әртүрлі заттар мен бұйымдарды жасап жатқаны туралы бейнелерді көргенді ұнатады. Өкінішке орай, қазақ тілінде мұндай арналар санаулы ғана, ал орыс тілінде олар өте көп.

Интернетте біз оқитын сайттар да жеткілікті. Мысал ретінде қазақ әдебиетін алайық. Мен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып жатқандықтан, жазушылар туралы мәліметтерді жиі іздеймін. Ал, жазушы туралы толық ақпаратты көбіне орыс тілінде ғана табуға болады.  Қазақ тілінде бұл бар, бірақ аз. Сондай-ақ, студенттерге арналған көптеген сайттар бар, онда барлық үй тапсырмалары орындалады және әрине қазақ тілінде ештеңе жоқ. Тек көп жағдайда ВК әлеуметтік желісінде қазақ тіліндегі ресурстар мен қауымдастықтар өте көп екендігін атап өткен жөн.

Отбасында менің ойымша, әже тәрбиесін еш нәрсе алмастыра алмайды. Сондай-ақ, үйде үнемі қазақ тілінде сөйлесу керек, тек осылай ғана бала тілді меңгеріп, сөйлей бастайды. Ал, енді отбасында баланың кішкентайынан еліне сүйіспеншілігі оянуына, ұлтжанды болып өсуіне өз пайдасын тигізетін мультфильмдер тақырыбына келсек, отандық анимациямен көбірек айналысу керек. Бізге басқа елдерден мультфильмдерді аударудың қажеті жоқ. Бұл бізге не үшін керек?  Еліміз үшін көп еңбек сіңірген өзіміздің білімді де саналы азаматтар бар. Қаржылық жағдай жасап, қолдау арқылы осындай мултфильмдер көрсетсе, осылай ғана балаларды өз елін, тілін құрметтеуге шақыра аламыз.

Ал, достар мен қоршаған ортаға келсек, ата-аналар баланың қай ортада және кіммен араласатынын бақылап отыруы керек. Сондай-ақ, осы тақырыпта әңгімелесу жақсы, бірақ ешбір жағдайда біреумен қарым-қатынасқа тыйым салуға болмайды, себебі бұл баланың психикасына әсер етуі мүмкін.

Әрине, отбасы тәрбиесінде балабақша мен мектептің де рөлі зор. Сондықтан, баланы бірден қазақ балабақшасына беру керек, сонымен қатар жаңа балабақшалар салу немесе қазақ тілінде оқытатын балабақшаларды көбейту керек. Одан әрі бала қазақ тілінде сөйлей алмаса да, оны қазақ мектебіне беру керек. Уақыт өте келе бала қарым-қатынасқа үйренеді. Ал қазір репетиторлар көп. Олардың арқасында Сіз тілді өте жылдам меңгере аласыз.  Сондай-ақ, мұғалімдердің кәсіби деңгейін бақылау қажет. Әр мұғалім өз ісінің шебері болуы керек.

Отбасында балабақша, не мектеп табалдырығынан көз қанықтырып өсетін, тілі жеңіл шығармалар да керек. Ескі мәселелерді көтермей, оқырманға қызықты тақырыптарда кітаптарды көбірек жазуымыз керек. Басқа шығармаларды да аударуға болады, бірақ аудармашылар қазақ тілін 100 пайыз білуі керек.

Қорытындылай келе, отбасындағы бала тәрбиесі, тіліміздің келешегі өз қолымызда дегім келеді. Біздің басқа елдерден ерекшелігіміз, бізөте қонақжай елміз.Басқа ұлттардан мемлекеттік тілімізді білгісі келетіндер де баршылық.Қазақта «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» деген жақсы сөз бар. Осыған сүйене отырып, әр қазақ отбасында баланы жақсыға, өнер-білімге, жастайынан ұлтын, елін-жерін сүюге баулу мемлекетіміздің келешегіне детек қана оң ықпал етері сөзсіз.

Айнагүл Бейсембина,
 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы
көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі.

Яна ШТАУТЫНГЕР,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы
көпсалалы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар