— Бес күндік тексеру қорытындысы бойынша Ақмола облысында дәрі-дәрмектерді рецептісіз босатқан 12 фармацевт әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде фармацевттердің дәрі-дәрмектерді сату кезінде заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды.
«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының ережелерін бұзу) бойынша Көкшетау қаласында — 3, Зеренді ауданында — 2, сондай-ақ Степногор мен Қосшы қалалары, Ақкөл, Бурабай, Бұланды және Есіл аудандарында бір-бір дәріхана иелері әкімшілік жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.
Сонымен бірге, Жақсы және Есіл аудандарында полиция қызметкерлері жабайы сораны жою үшін тиісті шаралар қолданбау дерегін анықтады. Макинск қаласында ұсталған екі жергілікті тұрғынды тінту кезінде 20 және 30 таблетка героин апиыны болып табылатын ең күшті препарат тәркіленді.
«Бұдан басқа, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау және құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру деректері анықталды», — деп толықтырды ведомстводан.
Айта кетсек, 5-9 қыркүйек аралығында Ақмола облысында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Бақылаудағы заттардың заңсыз айналымға кету деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында өткен акция кезінде есірткі заттары мен прекурсорларды заңды айналым саласында пайдаланатын денсаулық сақтау жүйесінің нысандары тексерілді.