Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының екі тұрғыны мал ұрлағаны үшін 8 және 5 жылға сотталды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының екі тұрғыны мал ұрлағаны үшін 8 және 5 жылға сотталды

– Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше рет жұрттың малын ұрлаған Ақмола облысының екі тұрғыны сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақмола облысының екі тұрғыны 2021 жылдың жазында мал ұрлаумен айналысқан. Олар өз өңірлерінде ғана емес, көрші СҚО-ға да келіп, жұрттың қорасын бұзып кіріп, малдарын артып әкетіп отырған.

Тайынша ауданы тергеушілерінің айтуынша, қылмыскерлердің біреуі — бұрын сотталған Көкшетау аласының 39 жастағы тұрғыны. Оның 4 қылмысқа қатысы бары анықталды. Щучинск қаласында тұратын оның 45 жастағы сыбайласы да бұрын істі болған, ол 3 қылмыс бойынша күдікке ілінді. Ұрылар қой мен бұзауларды көкшетаулықтың «Nissan Primera» автокөлігімен әкеткен.

«Көкшетау тұрғыны 8 жылға бас бостандығынан айырылды, Щучинск қаласының тұрғыны 5 жылға сотталды. Ұрлықтар қора-қопсыға бұзып кіру арқылы да, малды байланып тұрған жерінен әкету арқылы да жасалған. Десек те, мал ұрлығы көп жағдайда малдың еркін жайылымда жүруінен болады. Полиция қызметкерлері халықпен кездесу кезінде, БАҚ және әлеуметтік желі арқылы мал иелерін өз мүліктеріне сақ болуға, бақташы мен жергілікті атқарушы органдармен үш жақты келісім жасауға шақырады», — дейді СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, СҚО-да мал ұрлығы айтарлықтай төмендеген. 8 айдың ішінде осындай 11 қылмыс тіркелді, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл 12 қылмысқа аз, яғни 52,2 % төмендеген. Бұл полицейлердің профилактикалық жұмысы, малды еркін жаюға заңнамамен тыйым салу және 2019 жылдың соңында ҚР Қылмыстық кодексінен бөлек «Мал ұрлығы» 188-1-бөлігінің енгізілуі арқасында болып отыр. Полицейлердің айтуынша, барымташыларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар