«Игі істер автобусы»

«Игі істер автобусы» жобасы аясында Чаглинка ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжі студенттерінің «Ашық жүрек» еріктілер клубы Б. Т. Нұртілесов пен Г. Трофимова еңбек ардагерлеріне картоп жинауға көмек көрсетті.

Студенттік десант бірігіп қолдарына күректер мен шелектерді алып, бірнеше сағат ішінде бақшадан картопты қазып, жинап алды.

Айта кету керек, аймақ колледждерінің қызметкерлері мен студенттері «Игі істер автобусы» акциясы аясында тұрақты түрде жалғыз басты қарт адамдарға бақша өнімдерін жинауға, үй жанындағы учаскелерді жинастыруға көмек көрсетеді.

 186 Total Views,  2 Views Today

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар