Егін орағы ұтымды жүргізілуде

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 18 қыркүйектегі мәліметіне қарағанда, өңірдегі барлық егістік алқаптың 83,5 пайызы бастырылып, ел ырыздығы – алтын дән ысырапсыз жиналып алынған.

Соңғы тәулікте гектар берекесі өсе түсті. Соңғы тәуліктерде облыстың бірқатар аудандарында өткінші жауын жауып, жұмысқа біршама қолбайлау болды. Жауынның әсерінен дәннің бойындағы ылғал да молайды. Кешеден бергі күннің ашылуы және аңызғақ желдің әсерінен атжалдағы және сабағында тұрған дән кеуіп, ылғалдылық біршама азайды. Қазір ашық күннің әр сәтін тиімді пайдаланғысы келіп, дала ерлері ұтымды жұмыс істеуде. Егін орағы өрмек жүзінен ауған кезде гектар берекесі де біршама молаюда. Осыдан үш-төрт күн бұрын әр гектардан орта есеппен 10,5 центнерден астық жиналса, қазір бұл көрсеткіш 10,8 центнерге жеткен.

Алқаптағы егінді уақытылы, ысырап қылмай жинап алуға толық мүмкіндік бар. Бұған дейін егін орағына тоғыз мыңға жуық астық комбайны қатыстырылып жатқандығын, оның жартысына жуығы соңғы үлгідегі, жұмысы өнімді шетелдік техника екенін айтқан болатынбыз. Облыс диқандары егін орағын 10-12 күнде аяқтауды межелеген еді. Бірер тәулік жауын бөгет болды. Жұмыстың өнімді болуына ауыл шаруашылығы құрылымдарының материалдық-техникалық базасының жақсарып,  мүмкіндігінің молаюы себепші болып отыр. Мамандардың айтуларына қарағанда, күн осылай ашық болса, алдағы аптада егін орағын бірінші болып бастаған далалық аудандар жиын-терінді аяқтауға тиісті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар