«Көкшетау» тауында өрт шықты

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін таңертең қыркүйектің 25-де «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы «Көкшетау» тауының төбесінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Анықталғандай, «Көкшетау» тауының төбесінде шамамен 800 метр биіктікте таудың басында өсімдіктер өртенген. Қазіргі кезде, өрттің ауданы мен себептері анықталып жатыр.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Қазавиақұтқару қызметінің тікұшағы, сондай-ақ, Ақмола облысының ТЖД жеке құрамынан 158 адам және «Бурабай» МҰТП 70-тен астам қызметкері жұмылдырылды.

 880 Total Views,  4 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар