Су қорғау аймақтары, белдеулері және шаруашылықта пайдалану режимі

Су объектілерін қорғау-су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге және ұдайы өндіруге, сондай-ақ судың зиянды әсерін болдырмауға бағытталған қызмет.

Су объектілерін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленеді.

Су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылықта пайдалану режимін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал сел қаупі бар аудандарда – қосымша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгілейді.

Табиғи және жасанды шептер немесе жоғарыда жатқан аумақтардан (өзен аңғарлары мен арқалықтардың жиектері, жол – көлік желісі, бөгеттер, орман алқаптарының шеттері) су объектілеріне жер үсті ағынының түсу мүмкіндігін болдырмайтын кедергілер су қорғау аймағының шекаралары болып табылады.

Елді мекендерде су қорғау аймағы шегінде су объектісінің қоқыстануы мен ластануын болдырмайтын пайдалану режимі сақталады. Өзендер мен магистральдық арналардың су қорғау белдеулерінің мөлшері өзен аңғарларының нысаны мен үлгісін, іргелес беткейлердің тіктігін, жағалауларды қайта өңдеу болжамы мен ауыл шаруашылығы алқаптарының және барлық су объектілері үшін құрамын ескере отырып айқындалады.

Елді мекендер шегінде су қорғау белдеулерінің шекаралары су объектісінің ластануын болдырмайтын жағалау аймағын (парапеттер, опырылу, орман-бұта белдеулері) міндетті жайластыру кезінде жоспарлау мен құрылыс салуға сүйене отырып белгіленеді.

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін ұйымдастыру жобалау құжаттамасында және су қорғау белгілерін орнатуда көзделген су қорғау іс-шараларының кешенімен сүйемелденеді.
Су қорғау белгілері бірінші кезекте суға түсу, шатыр қалашықтарын орнату, шөп пен қамыс шабу, мал жаю орындарында және антропогендік әсерге ұшырайтын басқа да аумақтарда орнатылады.

Ақмола облысы бойынша қолда бар 600-ден астам су объектілерінің 119 су объектілері мен олардың учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар