Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақпараттық хабар - АРҚА АЖАРЫ

Ақпараттық хабар

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы»  2022 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің редакциясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға келісім-шарт негізінде сайлау алдындағы үгіт үшін баспа қызметін ұсынады.

2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақтан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы жөніндегі материалдар кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады. Үгіт материалдары  газет бетінде 2022 жылдың 21 қазаны мен 17 қараша аралығында жарияланады.

«Арқа ажары» газетінде жарияланатын материалдың әр шаршы сантиметрі түрлі-түсті беттерде қосымша құн салығын қоса есептегенде 500 теңге, ал, өзге беттерде қосымша құн салығын қоса есептегенде 400 теңге. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар үшін «Арқа ажары» газетінде жарияланымға орын беруге Орталық сайлау комиссиясының кандидатты тіркеу туралы шешімі және БАҚ басшысының атына жазбаша өтініші негіз болады.

Материалдар қағазға басылған, дайын күйінде (кандидаттың немесе оның сенімді өкілінің әр бетке қойылған қолы)  және электрондық нұсқасы болуға тиісті.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы материалдары «Арқа ажары» газетіне келіп түскен және тіркелген күніне, кезегіне сәйкес, сондай-ақ, жүз пайыздық төлемі жасалғаннан кейін жарияланады.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың БАҚ бетінде жарияланатын сайлау алдындағы үгіт материалдарын қаржыландыру көздері көрсетілуі қажеттігін естеріңізге саламыз.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес келмейтін үгіт материалдары газетімізде жарияланбайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар