Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Баспасөзге жазылушы» күнін өтті - АРҚА АЖАРЫ

«Баспасөзге жазылушы» күнін өтті

«Қазпошта» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалы жаңа 2023 жылға арналған «Баспасөзге жазылушы» күнін өткізді.

Оған облыстық газеттермен қоса, республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», қалалық «Көкшетау», «Степной маяк», «Кокшетау сегодня» газеттері қатысып, өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынып, жаңа жылға баспасөзге жазылудың басталғанынан хабардар етті.

Іс-шараның ашылуында аталмыш филиал директорының орынбасары Мұрат Қазбеков құттықтау сөз сөйлеп, газеттермен бірлескен жұмыстың болашақта да қиындығы бірге еңсеріліп, тиімді тұстарының  жалғасатынына сенім білдірді. Өз кезегінде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Байқал Байәділов және облыстық «Акмолинская правда» газетінің бас редакторы Владислава Кокорина газеттердің бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі болып қала беруі үшін оқырмандардың да атсалысуына ықыласты болуын атап көрсете келе, «Қазпошта» акционерлік қоғамының өткізіп отырған ізгі шараларына ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, шара барысында бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлерімен баспасөзге жазылушылар арасында «Әжемнің қоймасы» атты ұтыс ойыны ойналды.

Бұқаралық ақпарат құралдары – халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Ақпарат айдынындағы кез-келген басылым қоғам үшін жұмыс істеуі тиіс. Себебі, журналистика қоғаммен бірге өмір сүреді, қоғаммен бірге тыныстайды. Әсіресе, газет-журнал өзі өмір сүрген кезеңдегі оқиға, құбылыстарды өз оқырманына нақты, дәйекті жеткізе білуі керек. Өйткені, күні ертең ол мақалада келтірілген дерек – сол кездің тарихы.

Бүгінгі ақпараттық-технология қарыштап дамыған қоғамда ғаламтор айнымас досымызға айналғандай. Десе де, ғаламтормен жұмыс істеу тиімді әрі жедел болғанымен, ондағы ақпараттың дәлдігі мен шынайылығына ешкім кепілдік бере алмайды. Ал, баспасөз беттерінде нақты мәліметтер ғана жарияланады. Елдегі болып жатқан елеулі оқиғаларды жұртшылыққа жеткізіп, жан дүниеңді байытып, ой-өрісіңді өсіретін ойға ой қосып, таным көкжиегін кеңейтетін де газет емес пе?!Қажет ақпаратты газетті қолмен ұстап, сезініп оқыған көңілге де қонымды, жүрекке жақын. Газет – қаншама адамның үздіксіз ізденісі, табанды еңбегі. Ел азаматтарының ізгі істері, қоғамдағы өзекті мәселелер жайын айтқан журналистердің мірдің оғындай өткір сөздерін газет бетінен ғана табатыныңызды ұмытпаңыз. Газет оқу бұл – зиялылықтың да белгісі. Сондықтан, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетіне жазылыңыздар, басқа басылымдарды оқыңыздар!

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар