Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пайдаланылмай бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды - АРҚА АЖАРЫ

Пайдаланылмай бос жатқан жерлер мемлекетке қайтарылды

Аудан прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы пайдалану және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға тарту мәселелеріне ерекше назар аударып келеді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 186 768 540 теңге сомасына 28 531 гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары қайтарылған.Сол сияқты, 2021жылы жүргізілген тексеріс нәтижесінде Ерейментау ауданыныңпрокуратурасы 232 000 гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтаған.

Прокуратураның қадағалау актілері бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021жылы мемлекетке кадастрлық құны 517 939 510 теңгеге тең 34 144 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қайтарылған.Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамнан жер учаскесі сот тәртібімен алынған.

Жер кодексінің 24-бабының 1-тармағында шетелдіктердің жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін иелене алмайтыны көзделген.

Азаматтық істі қарау нәтижелері бойынша ауданы 517 гектар кадастрлық құны 88 407 000 теңгеге ауыл шаруашылығы жері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Ерейментау ауданының прокуратурасы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар