Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиұлының 70 жас мерейтойына орай 27-30 қазан аралығында театр фестивалі өтеді. Фестивальді ұйымдастырушы Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры.
Фестиваль шымылдығын 27 қазан күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры Ж.Ерғалиевтың «Қас-қағым» драмасымен ашады, қоюшы режиссері Елік Нұрсұлтан.
Басталуы: 17.30
Өтетін орны:
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры.
28 қазан Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Ж.Ерғалиевтың «Жетім тағдыр»» драмасын ойнайды.
Қоюшы режиссері: Айдын Салбан
Басталуы: 19.00
Өтетін орны:
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры
29 қазан Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театры Ж. Ерғалиевтың «Құлпытастың көз жасы» драмасын ойнайды.
Қоюшы режиссері: Ә.Исаева
Басталуы: 19.00
Өтетін орны:
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры
30 қазан Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры Ж.Ерғалиевтың «Қораптағы қоқыс » драмасымен фестиваль шымылдығын жабады.
Қоюшы режиссері: Жарас Қалдаров
Басталуы: 14.00
Өтетін орны:
«Көкшетау» мәдениет сарайы
Театрда мерекесінің басты қонағы болыңыз қымбатты көрермен!