Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жабал досымның мерейтойына - АРҚА АЖАРЫ

Жабал досымның мерейтойына

Жетпіске келдің, толқисың, досым, сеземін,

Есіңе алып өмірдің әрбір кезеңін.

Кеше ғана біз жас емес пе едік, ойласақ,

Жүйткіген уақыт мұншама неткен тез еді?!

 

Саралап бір көрсем жүріп өткен жолыңды,

Зерделеп, байқап, оңыңды және солыңды.

Істерің мол-ау, мақтаныш қылып айтарлық,

«Азамат қой!» деп құрметпен қысып қолыңды.

 

Сөз зергерісің қаламы ұшқыр, қарымды,

Ұлт мүддесіне беріп келесің барыңды.

Құштар болмадың оңай табысқа, атаққа,

Биік ұстадың абыройыңды, арыңды.

 

Айналаң риза атқарып жүрген ісіңе,

Қамқорлығыңа жасаған үлкен-кішіге.

Парламентке депутат қылды ел-жұртың,

Таңдады дағы талай жақсының ішінен.

 

Қызметің үшін алғысқа лайық әрдайым,

Елден аямас қажырың үшін нардайын,

Иесі болдың марапаттардың бірталай,

Президенттің жарлықтары мен арнайы.

 

Абырой-атақ, бедел мол ғазиз басыңда,

Жаратқан қосқан өмірлік жарың қасыңда.

Балаларың, немерелерің бақытың,

Мейірлендіріп мойныңа келіп асылған.

 

Сабырлы мінез, биік парасат бойыңда,

Шарапаттылық, ізгілік әркез ойыңда.

Сондықтан, әбден лайықсың мың сан мадаққа,

Бүгінгі мынау 70 жас мерейтойыңда!

Еран Мағзұмов.

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар