Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шәкірт жүрегіне жол тапқан - АРҚА АЖАРЫ

Шәкірт жүрегіне жол тапқан

 «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту. Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

Осындай ұлағатты да тәжірибелі ұстаздардың бірі – Мұсабек Шуақбайұлы Досмағамбетов. Біздің кейіпкеріміз 1956 жылдың 26 қарашасында Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Шұбалаң ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Торғайдағы қазақ орта мектебін бітірген соң Арқалық қаласындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетіне  оқуға түседі. 1978 жылы жоғары оқу орнын бітірген соң жолдамамен Албарбөгет орта мектебіне жіберіліп, шәкірттерге физика пәнінен дәріс берді. Ұлағатты ұстаз  осы бір ауыр да, абыройлы салада ұзақ жыл үзіліссіз еңбек етті, қазірде де мұғалімдік қызметін жалғастырып, 1992 жылдан бері Тайтөбе орта мектебінің ұстаздар ұжымын басқаруда. Ауылда 2016 жылы бой көтерген жаңа мектеп басында 300 балаға лайықталып салынса, қазіргі кезде мұнда 700 оқушы білім алуда. Беделді ұстаздың ұзақ жылғы еңбегі, төккен тері зая кеткен жоқ. 1997 жылы еліміздің білім саласындағы сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы оқу-ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Өз міндетін адал атқарып, болашақ ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде қол жеткізген жетістіктері үшін 2005 жылы Ақмола облысы білім департаментінің Құрмет грамотасын иеленген. Балалардың білімін жетілдіріп, шығармашылық таланттарын шыңдауға зор үлес қосқан Мұсабек Шуақбайұлы Астана қаласы мен Ақмола облысы «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы»  қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен лайықты марапатталған. Еңбектің  өтелгені деп осыны айтар болар.

«Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне баса көңіл бөлінуде. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім». Ұлағатты ұстаздың басты ұстанымы осы.

Мұсабек Шуақбайұлы  зайыбы екеуі екі ұл тәрбиелеп өсірген  өнегелі отбасы, бүгінде солардан тараған немерелердің қызығын тамашалап отырған жайы бар. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақта бағытынан таймасы анық. Дүниедегі мамандық атаулының төресі ұстаздық екендігіне ешкім дау айта қоймас. «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы» демекші, ұстаз берген тәрбие  әрбір  жанның өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  іспетті. Біздің кейіпкеріміз де бүгінде өзі білім беріп, қияға қанат қақтырған шәкірттерімен мақтана алады.

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Тайтөбе ауылы,

Целиноград ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар