Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он үшінші жеңісіне қол жеткізді

– Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) британиялық Дензел Бентлиді (17-1-1, 14 КО) жеңіп, әлем чемпионы атағын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекпе-жек он екі раундқа созылды. Қос боксшы тартысты бәсеке өткізді. Бір-біріне дүркін-дүркін соққы жұмсап үлгерді.

Төрешілер шешімімен жеңіс Жәнібек Әлімханұлына берілді. Осылайша ол кәсіпқой бокстағы он үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетсек, қазақстандық боксшы аталған нұсқа бойынша орта салмақта әлем чемпионы саналады.

Бұл атақтың бұрынғы иегері американдық Деметриус Андраде (12-0, 8 КО) екінші орта салмаққа ауысып кетті. Осыған байланысты орта салмақта әлем чемпионы атағы Жәнібек Әлімханұлына берілді.

Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанса, 2014 жылы Азия ойындарында жеңімпаз болды.

2016 жылдан бері кәсіпқой бокста сынға түсіп жүр.

Еске салсақ, бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Фото: sports.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар