Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қосшылықтар да белсене қатысуда. Қосшы қаласында алты сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Солардың бірі – Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 орта мектепте орналасқан № 745 сайлау учаскесі. Мұнда 2342 сайлаушы тіркелген.     

      

Сайлаушылар арасында Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітаев та бар. Жүзге таяған қария елдің болашағы үшін өз таңдауын жасап, сайлаушыларға ақ батасын беріп, жылы лебізін білдірді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Қосшы қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар