7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген бақылаудың қорытындысын шығарды.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері мемлекеттік органдар 7 миллион 124 008 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен. Олардың 6 миллион 039 497 мыңын немесе 84,8 пайызын жергілікті атқарушы органдар және 1 миллион 084 511 мың немесе 15,2 пайызын орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен көрсетті. Өткен жылғы осындай кезең аралығында 6 миллион 206 204 мың мемлекеттік қызметтің көрсетілгенін атап өткен жөн. Өсу деңгейі 917 804 мың қызметті құрап отыр.

Егер қызметтерді көрсетудің тәсілдеріне келетін болсақ, қызмет көрсетушілер арқылы 66 540 мың, мемлекеттік корпорация арқылы 307 145 мың қызмет көрсетілді. Электронды нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі 94,8  пайызды құрады. Өткен жылғы осындай уақыт кезеңі аралығында 5 миллион 840 717 мың немесе 94,1 пайыз қызмет электронды нысанда көрсетілді.

Бүгінгі таңда халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысатын мемлекеттік органдар мен мекемелер қызметтердің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

Жазира ТОҚТАР,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар