«Өз таңдауыңды жаса» тұсаукесер шарасы өтті

Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында жиырмадан астам жастар бірлестіктері мен ұйымдары бар. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір бағытта яғни, ел игілігі, жас ұрпақ болашағы үшін жұмыс істейді.

Мәселен, жуырда Халықаралық студенттер күніне орай, Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 1 курс студенттеріне «Өз таңдауыңды жаса» атты таныстыру бағдарламасы ұйымдастырылды.  Ол студенттік ортаға бейімделуге көмек көрсету, белсенді студенттермен түрлі бағыттар бойынша жұмыс ұйымдастыру, құқықтық сауаттылықты, қоғамдық белсенділікті насихаттау мақсатында өткізілді. Айта кету керек, аталмыш шара жыл сайын жастар орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

Бұл жолы да «Kazmed Jastary» медициналық жастар республикалық қоғамдық бірлестігі, Ақмола облысының студенттер Альянсы, «Street workout» қозғалысы, «Зияткер», «Молод» дебаттық клубтары, «Зерделі ұрпақ» жастар бірлестігі, «Думан» Ақмола облыстық педагогикалық жасағы, «Феникс» еріктілер орталығы, «The Legacy Show» би студиясы, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы, «Темірқазық»  кітап клубы және тағы басқа ұйымдар қамтылды. Осы шараға қатысқан жастар ұйымдары өздерінің қызметтері жайлы ақпарат беріп, қатарларына мүше болуға шақырды.

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева өз сөзінде әр адам жеке әлеуетін, өз қабілетін іске асырып, қоғамның толыққанды мүшесі болуы керек екенін атап өтті. Жастар ұйымдарына және студенттерге өзінің ризашылығын білдіріп, жастар ресурстық орталығына келіп, қандай да мәселені бірлесе шешуге болатынын айтып берді.

Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының
баспасөз қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар