Елдің дамуына ғылымның үлесі мол болуы тиіс

Өткен аптадаАқмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов 2013 жылдан бері мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жалпы жиналысының сессиясына қатысты.

Іс-шара Алматыда көрнекті қазақстандық математикғалым, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР ҰИА президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың төрағалығымен өтті. Сессияда академияның 2022 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды және негізгі міндеттер айқындалды, Қазақстанның инженерлік қоғамдастығының күш-жігері оларды шешуге бағытталатын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ, сайлауалды тұғырнамасында отандық ғылымды өндіріспен тығыз байланыста дамытудың маңыздылығын, ғылым қолданбалы сипатта болуы тиіс екенін нақты атап өтті.

–Техникалық ғылымдардың, инженерлік істің даму деңгейі – адами капитал сапасының және жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің басты көрсеткіштерінің бірі. Бүгінде елдің тұрақты дамуы мен экономикалық қауіпсіздігі инженерлік қоғамдастыққа байланысты деп айтсақ артық емес, – деді Б.Жұмағұлов әріптестеріне арнаған сөзінде.

Сессияға қатысушылар ғылым нәтижелерін іс жүзінде іске асырудың, оның өндіріспен, бизнеспен пәрменді интеграциялануының, нарықтың перспективалық технологиялық талаптарын қанағаттандырудың түбегейлі жаңа деңгейіне көшудің ерекше өзекті міндеттерін талқылады. Атап айтқанда, өндірістің ғылыми-техникалық міндеттерін орындау үшін консорциумдарды дамыту тәжірибесі, ғарышты зерттеу нәтижелерін ел экономикасында тиімді пайдалану, ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологияларды коммерцияландыру мәселелері талданды. Ғарыш саласының ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту, Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жолдары туралы ұсыныстар тыңдалды.

Академияның басшы құрамын сайлау өтті. ҚР ҰИА бірінші вице-президенті болып академик Амандық Баталов сайланды. Вице-президент – ҚР ҰИА Батыс Қазақстан филиалының төрағасы Ақсерік Әйтімов.

–Айта кетерлігі, еліміздің жетекші ғалымдары мен инженерлері 20 қарашада ҚР Президенті сайлауында сенімді жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бағытын бірауыздан қолдайды және ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін күшейту үшін бар күш-жігерлерін салатын болады, – деп ой бөлісті сапары туралы Талғат Тұрлыбекұлы.

 Ақмола облыстық мәслихатының баспасөзқызметі. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар