Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл арқалайды - АРҚА АЖАРЫ

Бүгіннен бастап жазғы дөңгелекпен жүргендер айыппұл арқалайды

– 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүруге рұқсат жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай норма «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 590-бабы 5-бөлігінде көзделген. Яғни, 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген көліктерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ( 15 900 теңге) айыппұл салынады.

Ішкі істер министрлігі қыстың басталуы мен суық ауа райына байланысты жолдардағы көлік қозғалысы ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті. Аталған ереже бір жыл ішінде қайталап бұзылса, айыппұл көлемі артады.

Мұндай талапқа жазғы шинаның қыста қатып қалып, тұтқырлық қасиетінен айырылатыны себепкер. Бұл көлік қозғалысының тәртібін бұзуға, тіпті, кейде көлік апаттарына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Ал қысқы дөңгелектер қойылатын талап Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті арқылы реттеледі. Ол регламент бойынша, қыс мезгілінде жүруге рұқсат етілетін бұдырлы шиналар «М+S», «M&S» және «MS» белгілерімен таңбаланады. Ал шинадағы кедір-бұдырдың тереңдігі 4 миллиметрден кем болмауы шарт.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар