Мәслихаттардың өкілеттілігі кеңейгендіктен, олардың  дербестігі мен жауапкершілігі де артады

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекеттің негізін қалауға және қағидаттарын нығайтуға мүмкіндік берген елеулі саяси және демократиялық өзгерістер болды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кең жүйесі енгізілді, онда мәслихаттарға жергілікті өкілетті билік органдары ретінде үлкен рөл беріледі. Ағымдағы жылғы 5 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Кейбір нормалар күшіне енді, ал басқалары 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Жалпы, өзгерістер жергілікті өкілетті органдардың өкілеттіктерін едәуір кеңейтті. Бүгін газетімізде халық қалаулыларының қызметінде, сондай-ақ депутаттық корпустың ағымдағы жұмысында не өзгеретіні туралы Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісов баяндайды:

 ­­­–­­­­­ Өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейту қажеттілігі туралы мәселе көптен бері талқыланып келеді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында елге халықтың сенім мандаты бар жауапты депутаттар мемлекеттік құрылыста белсенді рөл атқаратын күшті өкілді билік қажет екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Сенаттың, Мәжілістің және мәслихаттардың қызметіне өзгерістер енгізуді ұсынды. Наурыз айынан бастап заңнамаларға түзетулер әзірлеу жұмыстары басталды. Содан кейін 5 маусымда ҚР Конституциясына түзетулер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өтті. Енді бұл өзгерістер бүкіл халықтың ерік-жігерімен елдің басты Заңында бекітілген. Қыркүйек айындағы Жолдауда барлық реформалар анық және нақты жазылған. Бүгінгі таңда бізде Мемлекет басшысы ұсынған барлық бастамаларды бекіткен заңдар мен заңнамалық актілер пакеті бар.

– Сонда мәслихаттардың қызметінде не өзгереді? Осыны нақтылай түссеңіз.

– Жергілікті жерлерде өкілетті билікке азаматтардың сенімін арттыру үшін барлық деңгейдегі (облыстық, қалалық, аудандық) мәслихаттардың қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» жаңа Заңда мәслихаттардың өкілеттіктері нақты белгіленген. Құжатқа сәйкес, олар үлкен өзіндікке ие болды және атқарушы органдарға тәуелді болмауы керек.

2023 жылдың қаңтар айынан бастап мәслихат хатшысының орнына төраға лауазымы енгізіледі. Бұл туралы көптен бері айтылып келеді. Мәслихат төрағасы­­бұл жай ғана жаңа атау емес, бұл жергілікті өкілетті органның басшысы екенін бірден түсінуге болатын жаңа мәртебе.

Бұдан басқа, облыстық мәслихаттар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының рөлін күшейту үшін Президенттің ұсынысы бойынша өңірлердің әкімдерін тағайындау тәртібі өзгерді. Осы уақытқа дейін мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынған жалғыз кандидатураны қолдап дауыс беретін. Президент бұл рәсімнің баламалы негізде өтуін ұсынды: енді заңға енгізілген түзетулерге сәйкес мәслихаттардың қарауына және келісуіне кемінде екі кандидат енгізілетін болады. Яғни, мәслихаттар облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін жанама сайлауға қатысатын болады. Осы бастамалардың барлығы мәслихаттардың өкілетті билік ретіндегі қызметін қайта форматтауға бағытталған.Бұдан басқа, қазір аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары саяси мемлекеттік қызметші болып табылатын сайланған әкімнің отставкасын қабылдау немесе одан дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.Мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру өкілеттігі туралы Заңның 24-бабына да түзетулер енгізілді, олар Конституцияның 87-бабына сәйкес келтіруге байланысты. Мәселен, мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне қатысты тиісінше республика Президентінің немесе өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдеріне қатысты жоғары тұрған әкімнің алдына лауазымнан босату туралы мәселе қоюға құқылы.

Сондай-ақ, жағымсыз факторлары мен халықтың сындарын ескере отырып, Президент барлық азаматтардың құқықтарын толық ескеретін неғұрлым үйлесімді­­­–аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды. Сондықтан, енді заңға енгізілген түзетулерге сәйкес Мәжілістің депутаттық корпусы мынадай сұлба бойынша құрылатын болады: 70 пайызы – пропорционалды негізде, 30 пайызы – мажоритарлық негізде.Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау кезінде бұл арақатынас 50 де 50 болады. Ал қалалық және аудандық мәслихаттарда депутаттарды сайлау тек мажоритарлық негізде өтетін болады. Осы өзгерістердің барлығы сайлау процесінде неғұрлым бәсекеге қабілетті саяси ортаны құруға мүмкіндік береді, ең бастысы – депутаттардың сайлаушылармен кері байланысын күшейтеді.Депутаттың өкілеттігіне келетін болсақ, жаңа түзетулерге сәйкес, олар өзі сайланған саяси партияның басқарушы органының шешімімен тоқтатылуы мүмкін.

  • ­Жақында Президенттік сайлау ойдағыдай өтті, олжоспарланған саяси реформаларды іске асыру үшін тірек нүктеге айналды. Келесі қадам ҚР Парламенті Сенатына, одан әрі Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау. Жетінші шақырылған мәслихаттың қазіргі құрамы екі жылға жуық жұмыс істеп келеді. Депутаттық корпус қызметінің аралық қорытындылары қандай?

– Естеріңізге сала кетейін, Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының жетінші құрамы партиялық тізімдер бойынша сайланды. 23 депутат «AMANAT» партиясын, «Ауыл» және «Ақ жол» партияларын үш адамнан ұсынды. Үш адам қызметтің өзгеруіне байланысты депутаттықтан шықты және әзірге олардың орындары бос.Облыс бойынша жергілікті өкілетті билік органдарында барлығы 254 депутат бар. Жасару тенденциясы айқын көрінеді, орташа жасы 43, депутат әйелдердің саны шамамен үштен біріне өсті. Депутаттар арасында көптеген әлеуметтік топтардың өкілдері бар. Өйткені, мәслихат – халық пен билік арасындағы көпір. Әлеуметтік топтар неғұрлым көп ұсынылса, соғұрлым оларды толғандыратын мәселелер шешіледі.

Облыстық мәслихат депутаттарының сапалық құрамы облысымыздың тұрмыс-тіршілігіне қатысты аса маңызды мәселелерді атқарушы билік органдарының қарауына шығаруға, өңір тұрғындарының мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.2021 жылы облыстық мәслихат 12 сессия өткізді, оның 8-і кезектен тыс. Сессиялардың 66  пайызы депутаттардың бастамасымен өткізілді. 77 шешім қабылданды: 8 қаржылық-экономикалық мәселелер бойынша, 6 – әлеуметтік мәселелер бойынша. Лауазымды тұлғалардың 4 есебі тыңдалды, 30 нормативтік құқықтық актілер қабылданды.2022 жылы 9 сессия, тұрақты комиссиялардың 10 отырысы өткізілді, онда облыс халқын толғандыратын мәселелер қаралды. Оның ішінде 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы, ағымдағы жылға арналған бюджеттің нақтылануы бар. Негізінен, депутаттар қаржылық шығындарды талап ететін әлеуметтік сипаттағы мәселелерді талқылауға шығарды. Кезектен тыс сессияларда жедел шешімді қажет ететін өте өткір мәселелер де болды.Егер облыстың депутаттық корпусы туралы жалпы айтатын болсақ, ағымдағы жылы облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарынан алдағы 3 жылға арналған бюджет жобасына 260 миллиард теңгеден астам сомаға 766 өтінім келіп түсті. Олардың 244-і өткен жылы жарияланған.  Салыстырсақ, 2021 жылы 227 миллиард теңгеге 600-ге жуық жоба келіп түсті.

Жобалардың ең көп саны – 249 немесе 30 пайыздан астамы көлік инфрақұрылымына жатады. 110 (14,4 пайыз) тұрғын үй-коммуналдық салаға қатысты. 100 жоба (13 пайыз) – сумен жабдықтау; 77– тұрғын үй саласы (10 пайыз); 74 – спорттық инфрақұрылым (9,7 пайыз); 55 – мәдениет (7 пайыз); 44 жоба – білім беру саласы (5,7 пайыз).

Жобалық-сметалық құжаттамасы бар жобалардың ең көп саны: Атбасар ауданынан – 106; Бурабай ауданынан – 97; Целиноград ауданынан – 86; Ақкөл ауданынан – 84.Бұл сандардың артында депутаттар мен жергілікті атқарушы органдардың үлкен бірлескен жұмысы жатыр. Келесі жылы қаржыландыру үшін мәлімделген барлық жобалар барлық деңгейдегі депутаттардың тұрақты бақылауында болады.

– Жалпы, облыстық мәслихат депутаттарының қандай мәселелерді шешуге мүмкіндігі бар?

Әрине, мәслихаттың барлық жұмысының реңкін тұрақты комиссиялар белгілейді. Егер бұрын төрт комиссия болса және олар қоғамдық негізде жұмыс істесе, 2022 жылдың наурызында сол төрт комиссиядан екеуі құрылды. Ал осы комиссиялардың төрағалары қазір штаттық негізде жұмыс істейді, яғни, олардың жұмысы бюджеттен төленеді. Бұл комиссиялар қызметінің тиімділігін арттыру үшін жасалды. Осылайша экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі комиссияны Ғалым Мәдешұлы Бекмағамбетов басқарады. Ал, облыстық мәслихаттың заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі комиссиясына Мұрат Оразбайұлы Шәмшінұров төрағалық етеді. Бұл кәсіби және күнделікті тәжірибесі мол, қолдарынан іс келетін адамдар.

Биылғы тұрақты комиссиялардың отырыстарында көптеген әлеуметтік маңызды мәселелер қаралды.  Мысалы, экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі комиссия мемлекеттік бағдарламалардың нысаналы индикаторларының орындалуы туралы; білім беру мекемелерінің балалардың жазғы демалысына дайындығы туралы; облыс аумағында профилактикалық, эпидемияға қарсы және туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуы туралы; 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы мәселелерді қарады.Заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі комиссия облыстың балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының орындалуын; мал шаруашылығы саласындағы қайта өңдеу саласының проблемаларын; Көкшетау қаласының индустриялық-инновациялық дамуының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ,ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мақсатсыз пайдаланылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді алып қоюжәне мемлекеттік меншікке қайтару жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын талқылады.Біздің барлық депутаттарымыз сессияларға, комиссия отырыстарына белсенді қатысуға тырысады, халықпен кездеседі, қайырымдылық қызметпен айналысады, өз жерлестеріне материалдық жағынан ғана емес, сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар арқылы олардың проблемаларын шешуге көмектеседі. Екі жыл ішінде олар атқарушы билік алдында көптеген түрлі мәселелерді көтерді.

Мәселен, өткен жылдың тамыз айында 600-ге жуық мәселенің тізімі құрылып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қарауға жіберілді. Бұл Аршалы ауданының ауылдарында газ құбыры мен тарату құбырларын салу; облыс аудандарында су құбыры желілерін қайта жаңарту; облыстың көптеген өңірлерінде тұрғын үйлер мен инженерлік желілер салу; елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерін жөндеу; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін жөндеу және басқа да көптеген мәселелер. Оның 42 пайызы (594 сұрақтың 246-сы) қазірдің өзінде оң шешім тапты.Мәселелердің сипатына қарай аудандарға комиссиялардың көшпелі отырыстары, депутаттардың жұмыс топтарын ұйымдастыру тәжірибеге енді.

  • Қазір мәслихаттар қаншалықты ашық?
  • Облыс мәслихаттарында сессиялардың, тұрақты комиссиялардың отырыстарының, депутаттық сағаттардың онлайн көрсетілімдерін өткізу тәжірибеге енгізілді, әркім депутаттық корпустың жұмысын Aitube қазақстандық арнасында көре алады.Барлық деңгейдегі депутаттар әлеуметтік желілерде жеке аккаунттарын белсенді жүргізеді, азаматтарды жұмыс орны бойынша, олар ұсынатын партиялардың өңірлік филиалдарында қабылдаулар өткізеді, талап-тілектер, өтініштер, ұсыныстар алады.Әр айдың екінші дүйсенбісінде мен мәслихат хатшысы ретінде азаматтарды қабылдаймын. Облыстың кез-келген тұрғыны Е-otinich платформасы арқылы қоңырау шалып, жеке кездесуге жазыла алады.Бізге көбіне атқарушы билік органдары арқылы депутаттардың қолдауы қажет болған кезде жүгінеді. Барлық өтініштер бойынша біз ЖАО-ға сұрау саламыз, заңмен келісілген мерзімде дәлелді жауаптар береміз.

­– Мәслихат депутаттарының өкілеттіктерінің кеңеюімен олардың жауапкершілік деңгейі де артып отыр ма?

– Қазіргі уақытта әртүрлі деңгейдегі депутаттар алдағы үш жылға арналған облыстық, аудандық, қалалық бюджеттерді міндетті түрде қарайды, келіседі, қажет болса, өз ұсыныстарын енгізеді. Сондай-ақ сессияларда жыл ішінде бюджетке енгізілетін барлық өзгерістер мен нақтылаулар қаралады. Мәслихаттардың бекітуіне жататын құжаттардың қатарында өңірлерді дамыту бағдарламалары бар. Әкімдіктер олардың орындалуы туралы есепті мәслихаттың қарауына ұсынады.Сонымен қатар, саяси партияларға берілген депутаттардың жаңа құрамы өздерінің сайлауалды бағдарламалары мен уәделері бар, оларды жүзеге асыру көбінесе бюджет қаражатынсыз мүмкін емес. Өзіне міндеттеме алған және өз депутаттарын ұсынған әрбір партия олардың жұмысының сапасына, нәтижелерге қол жеткізуге жауапты.Депутаттар терең зерттеп, мемлекеттік органдармен, жеке құрылымдармен және тағы басқа орындармен өзара іс-қимыл жасай білуі тиіс.

– Облыстық мәслихаттың аудандық және қалалық мәслихаттармен өзара іс-қимылы қалай жүзеге асырылады?

– «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес аудандық және қалалық мәслихаттардың облыстық мәслихатқа тікелей бағынысы жоқ. Бірақ, облыстық мәслихат жанынан Ақмола облысындағы мәслихаттардың қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Оның мақсаты–­аудандар мен қалалардың мәслихаттарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Аудандық және қалалық мәслихаттардың барлық хатшылары кеңес мүшелері болып табылады.Ағымдағы жылдың қыркүйек айында біз Целиноград ауданының Родина ауылында Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өкілдерінің қатысуымен кеңестің көшпелі отырысын өткіздік. Онда«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға түзетулер жобасын және басқа да мәселелерді талқыладық. Әріптестер заң жобасы бойынша бірқатар маңызды ұсыныстар енгізді.Мәслихат хатшысы лауазымына сайланғаннан кейін мен облысымыздың барлық аудандарын жұмыс сапарларымен араладым, жергілікті жағдайды зерттедім, аудандық мәслихаттардағы әріптестеріммен сөйлесіп, ауылдық жерлерде беделі бар, жерлестердің мәселелерін шешуге шын жүректен мүдделі адамдар депутаттар болып сайланғанына көз жеткіздім.

­– Аудандарға жұмыс сапарларыңыз кезінде қандай проблемалар қөтерілді?

– Мәслихат хатшысы ретінде мен әріптестерімнің, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттарының көтерген барлық мәселелерін бақылауда ұстаймын. Олардың көпшілігі өңірлерге жұмыс сапарлары барысында да айтылды. Әрбір осындай сапардан кейін біз аппарат мамандарымен олар бойынша жергілікті атқарушы органдардан жауап сұраймыз.Мысалы, Ерейментау ауданы бойынша депутат Бекім Әкімов ауылдық округтер ФАП-тың жай-күйі және күрделі жөндеу мен құрылысқа құжаттама дайындау қажеттілігі туралы сауалмен жүгінді. Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша Олжабай батыр, Тайбай және Өлеңті ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттік өтінімдер 2023 жылға арналған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қарауға жіберілді. Ақмырза ауылында ФАП салу мәселесі –  денсаулық сақтау басқармасының қарауында. Торғай ауылдық округіндегі ФАП-қа күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге бюджеттік өтінім экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жіберілді.Атбасар ауданында Полтавка ауылында сумен жабдықтау мәселесі өткір тұр. Депутат Назгүл Жәкішеваның сұрауы бойынша энергетика және ТКШ басқармасының жауабы алынды. Онда «Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылының су құбыры желілерінің құрылысы» жобасының жалпы сомасы 783,0 миллион теңгені құрайды, 17,7 шақырым желінің құрылысы көзделген. Бірақ, жобаны республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру талап етіледі. Энергетика және ТКШ басқармасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылы қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолдады, мәселе қаралуда» деп атап көрсетілген.

Аршалы аудандық мәслихатының депутаттары ауылдық жерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау туралы мәселені педагогтарға көрсетілетін қолдауға ұқсас етіп көтереді. Сондай-ақ, бруцеллезбен ауыратын малдыңсоюға тапсырылғандағы құнын халыққа өтеуге қосымша бюджет қаражатын бөлу туралы көтерілген мәселеге келсек, осы мақсатқа облыс бойынша 73 миллион теңге қажет.Қосшы қаласындағы әріптестерім,облыстық мәслихаттың депутаты Сайра Матайбаева мен Қосшы қаласы мәслихатының хатшысы Болатбек Ибраев көптеген проблемаларды көтеруде. Бұл мәселелер облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың тарапынан осы қаланың дамуына ерекше назар аударудың арқасындакөбіне сәтті шешілуде. Депутаттар Қосшы қаласының №1 қалалық емханасын пайдалануға беруді бірнеше рет жеделдетуді сұраған еді. Жақында оның ашылу рәсімі өтеді.Сондай-ақ, біз Бурабай ауданы Қызылағаш ауылында клуб салу, Шаңтөбе кентіне медициналық автокөлік сатып алу, Степногорск – Азат, Макинск –Ақсу, Ақсу – Байқоңыр – Торғай–Ерейментау жолдарын жөндеуге қаражат бөлу мәселелерін бақылауда ұстаймыз.Жалпы, облыстың депутаттық корпусы өңірдің барлық проблемаларына өте белсенді түрде үңіліп жатыр деп айтар едім.

– 2016 жылы барлық деңгейдегі мәслихаттар жанынан Қоғамдық кеңестер құрылды. Бұл консультативтік-кеңесші органдар өздерін қалай көрсете алды?

– Облыстың Қоғамдық кеңесінің құрамында қазір 31 адам бар, ал өңір бойынша барлығы 266 адам бар. Бұл әртүрлі кәсіптер мен қызмет салаларындағы адамдар, азаматтық қоғам өкілдері – ҮЕҰ, кәсіподақтардың, БАҚ, бизнес-құрылымдардың, саяси партиялардың мүшелері, белсенді қоғам қайраткерлері, депутаттар.Облыстық Қоғамдық кеңесте төрт комиссия құрылды: экономика және бюджет, әлеуметтік мәселелер, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, аграрлық мәселелер, экология, инновациялық даму және ТКШ бойынша.Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі төралқасының және тұрақты комиссиялардың 30-ға жуық отырысы өтті.  Нормативтік-құқықтық актілердің 52 жобасы қаралды, 2 қоғамдық тыңдау, 4 мониторинг өткізілді, бес мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалды. Жеке және заңды тұлғалардың 21 өтініші қаралды.

Қоғамдық кеңес шеңберінде азаматтық қоғам өкілдері баяндамалар мен есептерді тыңдауға, оларды талқылауға қатысуға, сұрақтар қоюға, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан тікелей жауап алуға мүмкіндік алды.   Мәселен, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК тарифтерін қалыптастыруға, сондай-ақ, Ақмола облысының тауар өндірушілерін субсидиялауға, үй және үйсіз жануарларды зарарсыздандыруға, кастрациялауға бюджет қаражатын бөлуге қоғамдық мониторинг жүргізілді.Қазан айында Щучинск қаласында облыс Қоғамдық кеңестің бастамасы бойынша бірлескен көшпелі отырыс өткізілді, онда экология және қоғамдық мониторинг қорытындылары қаралды. Қазақстанда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау процесіне ОЖ-ны тартуды көздейді, осыған байланысты соңғы екі айда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанданды. Ұсыным шығара отырып, екі бірлескен отырыс өткізілді.Жалпы, Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі үлкен жұмыс атқарып жатқанын атап өткім келеді.  Республика рейтингінде ол өңірлер арасындағы белсенділік бойынша көшбасшылар үштігінде, оны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірнеше рет атап өтіп, қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндамасына енгізген.

­ Талғат Тұрлыбекұлы, 2023 жылдың бірінші жартыжылығында Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау өткізілмек. Осы ретте, әріптестеріңізге не тілейсіз?

– Ең алдымен, мен барлық депутаттарды басталған жобаларды соңына дейін жеткізуге, олардың қаржыландырылуын қадағалау үшін өкілеттігіміздің қалған мерзімінде жұмысты белсенді жалғастыруға шақырар едім. Сайлау кезеңі жақындап қалды, менің ойымша, бірқатар депутаттар алдағы науқанға қатысқысы келеді. Сондықтан, оларға сәттілік пен жерлестерінен қолдау тілеймін! Біз, ең алдымен,өзімізге сенім білдірген халықтың мүдделерінқорғайтынымызды есте сақтауымыз қажет.

Сұхбатты жүргізген Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар