Жаңа автокөліктердің кілті табыс етілді

«Көкшетау» мәдениет сарайының алдында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына 9 жаңа автокөліктің кілті тапсырылып, осы саладағы жұмыстың алғңа басуына тағы бір қамқорлық нышаны танытыла түсті.

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен 132 автокөлік сатып алынды. Автокөліктер еліміздің барлық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне бөлінді.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында  Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелеріне қызметтік автокөліктердің кілті табыс етілді. Олардың арасында Астрахан, Бұланды, Бурабай, Есіл, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, сондай-ақ, Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметі де бар.

Санитарлық қызмет өкілдеріне жаңа автокөліктердің кілтін Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина табыстады. Оның айтуынша, мұндай қолдаудың арқасында департамент қызметтерінің қызметкерлері өз алғыстарын білдіріп, аймақтағы қолайлы эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін бұдан да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік зор болмақшы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар