Кітапты көп оқитын отбасы анықталды

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Ақмола облысының үздік кітап оқитын отбасы – 2022» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Сөйтіп, Бурабай ауданындағы осындай байқаудың жеңімпазы, №2 Щучинск қалалық кітапханасының оқырмандары Қалмағанбетовтар отбасы «Ақмола облысының үздік кітап оқитын отбасы – 2022» атағына ие болды. Отбасы мүшелері бірінші дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл ретте, кітапханашы Бибігүл Қасымованың еңбегі де еленіп, сыйлықтар тапсырылды.

Бұл байқаудың негізгі мақсаты аты да айтып тұрғанындай, отбасында кітап оқуды жандандыру, осы дәстүрді берік қалыптастырып, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, әсіресе, балалар мен жастардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Сөзіміздің соңында кітапты көп оқитын отбасылар көбейе берсін десек, жарасып тұр. Кітапханаларымыз өркендей берсін.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар