Жастар өз тарихын білуі тиіс !

“Жастар рухы” Жастар қанатының Ақкөл аудандық филиалы “Еріктілер лигасы” қоғамдық бірлестігімен бірге  “Авто-Мото-Целина” қоғамдық бірлестігі өкілдерінің П.Исаков атындағы  “№1 жалпы білім беретін мектеп  оқушыларымен кездесуін ұйымдастырды. 

Аталған ұйым іздестіру жұмыстарымен  айналысады, оның нәтижелері оқушыларға, мұғалімдерге және іс-шара қонақтарына ұсынылды.

Кездесуде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры Майдан Құсайынов, гвардияның әскери-көліктік авиациясының ұшқышы подполковник Сәбит Исенгуженов, Ауғанстандағы действий қимылдарының ардагері Владимир Ильченко, гвардияның пулемет бөлімінің командирі старшина Петр Кравцов, Таулы Қарабахтың қимылдарының ардагері, “Авто – Мото – Целина” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еран Баренов сөз сөйлеп, қазақстандық  жауынгерлердің ерлігі туралы мол мағлұмат берілді.

Кездесуге қатысушылардың назарына мұражай экспонаттарының экспозициясы ұсынылды.    Жалпы, мектеп оқушыларының спикерлермен диалогі нәтижесінде жастардың тарихқа қызығушылығы аса зор екендігі байқалды. Отан қорғаушы болашақ жастарға патриоттық негіздегі іс шара тағылымы мол тәрбие сағатына айналды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар