Жаңа жыл айшығы

 2023 жылы ақын, ойшыл, ғұлама, дін басы Қожа Ахмет Яссауидің туғанына – 930 жыл, Сұлтан Бейбарыстың туғанына – 800 жыл, Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына – 360 жыл, Бұқар жыраудың туғанына- 330 жыл, Қазақтың батыры Махамбет Өтемісұлының туғанына – 220 жыл, Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл, Ұлт-азаттық көтерілісі қолбасшысы Амангелді Имановтың туғанына – 150 жыл, Ұстаз,жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына- 145 жыл, Алаш қозғалысының мүшесі Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл, Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына – 130 жыл толады, қазақ халқының басқа да танымал тұлғаларының, ақын-жазушыларының мерейтойлары аталып өтіледі.

Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына 310 жыл толады

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) – 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

Теңгенің қолданысқа енгеніне 30 жыл болады

1993 жылдың 12 қарашасында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы шықты. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанның Ұлттық валютасы теңге айналымға енді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар