Ақмола облысында бірнеше көліктің соқтығысуынан 9 адам зардап шекті

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты «Астана – Петропавл» автожолының 236-шақырымында орын алды. Анықталғандай, Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны басқарған «ВАЗ 2109» көлігі 64 жастағы астаналықтың басқаруындағы «Chevrolet Cobalt» автокөлігімен және Беларусь Республикасының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы Volvo автокөлігімен соқтығысқан.

Кейін бұлардың артынан «Renault Sandero», «Газель», «Toyota Camry», «Daimler Chrysler» және «Toyota Prado» көліктері келіп соқтығысты.
«Жол апаты салдарынан зардап шеккен «Авиценна Бурабай» ЖШС-не 19-49 жас аралығындағы 2 жүргізуші мен 7 жолаушы жеткізілді.

Сонымен бірге, 6 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша «Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды», – деді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар