Ата-бабалар дәстүріне берікпіз

Біздің ата-бабаларымыз өздерінің әскери ерліктерімен туған халқының қауіпсіздігі үшін небір ерлік пен батырлық үлгілерін көрсетіп, ұлы даланың кең байтақ жерін сақтап, келер ұрпаққа аманат етті.

Ұлттық ұлан жауынгерлері батырлар ерлігінің мұрагерлері ретінде халық пен тәуелсіз елімізді қорғап, азаматтардың тыныштығы күзетінде әрдайым қырағылық танытып келеді.

Бүгін, Ұлттық ұлан жауынгерлері үшін ерекше күн. Себебі, біз өзіміздің кәсіби мерекеміз – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күнін атап өтеміз. 1992 жылы құрылған кұкықтық тәртіп әскерлеріне биыл 31 жыл толып отыр. Ұлттық ұлан сардарлары мен сарбаздарына еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын, тыныштығы мен бейбіт өмірін кірпік қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған Ұлттық ұланның айбыны арта берсін, әрқашандаеңбектеріміз жемісті болсын, аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын дегім келеді!

Біздің 5510 әскери бөлімінің жеке құрамы өздерінің қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларын табысты орындауын жыл сайын берік дәстүрге айналдырды десек те болады. Оған дәлел, 2021 жылы атесттауды сәтті өтуі, 2022 жылы Астана қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша жауынгерлік міндетті екі мәрте ойдағыдай орындауы және Қостанай облысындағы өрт апаты зардаптарын жоюға белсене қатысуы.

Ұлттық ұлан шебінде тұрған әрбір жауынгер өз жерін, елін, атамекенін қорғау жолында күнделікті тынымсыз жаттығулар жүргізіп, әскери және саяси дайындықтың алғы легінен көрінуде.

Өйткені, мемлекет іргесінің берік те қуатты болуы әскердің жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейде болуына тікелей байланысты. Сол себепті үнемі қырағылық күзетінде жүрген, бар өмірін әскери іске арнап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқанбаршаңызды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Азамат СМАҒҰЛОВ,
5510 әскери бөлімінің командирі,
полковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар