Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтық қорғау академиясы  биылдан бастап  қыздарды оқуға қабылдайды - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтық қорғау академиясы  биылдан бастап  қыздарды оқуға қабылдайды

 Құтқарушыларды даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы  биылдан бастап оқуға қыз балаларды да қабылдайды. 1-4 курс аралығында олар Көкшетау қаласында жатақханадан тыс өз есебінен пәтерде тұрады.  Оқуға түскен қыздар ең  жоғары шәкіртақыға ие болады.

Академияға оқуға түсуге ниет білдіргендер тұрғылықты жері бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің  кадр саясаты бөлімдеріне өтініш береді.

Академияның күндізгі оқу түріне орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары (ұлдар мен қыздар) қабылданады. Академияға қабылдау медициналық, физикалық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелерін ескере отырып, ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.

Академиядағы оқу шарттарына келсек, курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Курсанттар барлық оқу кезеңінде тегін киім-кешекпен, тамақпен және мемлекеттік стипендиямен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, оларға демалыс кезінде жол жүру ақысы төленеді. Оқу мерзімі – 4 жыл. Оқу уақыты мен мерзімі әскери қызмет өткерумен теңестіріледі. Оқуды тәмамдаған соң түлектердің барлығы 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Талапкерлерді күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау 4 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізіледі;

Екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.

Үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады. Атап айтқанда, қыздар 100 және 1000 метрге жүгіру, 1 минут ішінде шалқадан жатып кеудені көтеру сияқты сынақтарды тапсырады.

Төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы сайыстық іріктеу нәтижесіне сәйкес Академия курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар, шет елдің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жасайды.

 Айгүл  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
қоғаммен байланыс тобының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар