Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кешкі бөлімнің келешегі кемел - АРҚА АЖАРЫ

Кешкі бөлімнің келешегі кемел

Көкшетау жоғары медицина колледжінде эксперименталды кешкі бөлімше ашылды. Бөлімде оқуға 25 санитар ниет білдіріп отыр. Оқуларын аяқтағаннан кейін олар медбике болып жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.

Бір айта кетерлігі, бұл бөлімшеде медицина саласында бұрыннан еңбек етіп жүрген адамдар ғана оқымақ. Былайша айтқанда, тәжірибе мен білімді ұштастыру. Талапкердің бірі Айнагүл Шаймұратова облыс орталығындағы емханалардың бірінде жұмыс істейді. Жағымды жаңалықты пайдаланып, білімін одан әрі жетілдіргісі келіп, талаптануда. Күндіз емханада өз міндетін атқарса, кешкілік колледжде білім алады. Бұл жерде тәртіп те тегеуірінді.

–Кешкі бөлім ашылғаны туралы естіген соң осындай мүмкіндікті босқа жіберіп алмайын деп ұмтылдым, – дейді Айнагүл Шаймұратова, – шынын айтқанда, бізге туғызылып отырған жақсы жағдай ғой.

Сөз арасында жоғары медициналық колледжден түлеп ұшқан білім алушылардың барлығы дерлік өз мамандығы бойынша жұмыс істейтіндігін айта кеткен жөн. Бұл өте жақсы көрініс. Демек, осы бір мысалдан-ақ оқу орнындағы білім беру ісі қаншалықты сапалы жүргізіліп жатқандығын аңғаруға болады. Алайда, өңірде кадр тапшылығы әлі де бар. Мысалы, қазір 240 дәрігер мен 200-ге таяу орта және кіші медицина қызметкерлері жетіспейді. Осындай олқылықтың орнын толтыру үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырған жөн.

Сөз арасында оқу орнының материалдық-техникалық базасы жаңғыртуды тілейтіндігін сыналап айта кетсек, артықтығы болмас. Білім алушылар жаңа заманғы медициналық құрал-жабдықтармен жұмыс істеп үйренуі керек.

–Бәсекелестік бар. Бір орынға үш адамнан үміттеніп отыр, – дейді Көкшетау жоғары медициналық колледжінің  директоры Назгүл Серғалиева, – білім алушыларға да жағдай жасалуда. Оқу орнында облыс әкімінің грантын ұтып алған 23 білім алушы оқиды. Оларға қойылатын басты шарт, оқу орнын аяқтағаннан кейін облыстың денсаулық сақтау саласында кеміне үш жыл жұмыс істеулері керек.

Несі бар, жүрек қалауымен алға ұмтылған соң келешектерін де денсаулық сақтау саласымен байланыстырғандары дұрыс қой.

Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар