Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар психологы болу – зор  бақыт - АРҚА АЖАРЫ

Балалар психологы болу – зор  бақыт

Еңбек жолымды 2018 жылы «Балдырған» бөбекжайында педагог-психолог  ретінде бастадым. Психолог мамандығын жүрек қалауымен таңдаған жандардың бірімін. 

Еңбекке араласқан сәттен өз күш-жігерімнің, табандылығымның және тәжірибелі әріптестерімнің көмегі арқасында өзімнің өмірде мамандық таңдауда жаңылыспағанымды жіті сезініп, қызметімнің қыр-сырына бойлай түстім. Педагог-психолог–алғысқа толы, адамзатқа аса қажетті мамандықтардың бірі деп білемін. Күлімсіреген балалардың көздеріне қарағанда, жүрегім толқи жөнелетіні бар, олардың көңілін көктем етіп, жүректерін жақсылыққа, жаңашылдыққа,   сұлулыққа толтырғым келеді. Жұмыс істей отырып,  тәрбиеленушілер үшін рухани жылуымның бір бөлігін беруге тырысамын, еңбегімнің нәтижесін көріп, өзім де рухани қуат аламын. Әр баланың риясыз күлкісі баға жетпес сыйлық, бұл мені жақсы көретіндігін, құрметтейтіндігін, сенетіндігін мойындау. Өйткені, баланың жүрегін алдай алмайсың,  ол бәрін сезеді…

Мен үшін педагог еңбегі – ұдайы ізденіс, шексіз қиял,  мол шығармашылыққа толы. Әр баланың көңілін көзінен ұғып,  жан-жақты дамыған тұлға болып өсуіне өз септігімді тигізуге тырысып жүргендігімді зор бақытқа балаймын. Сондықтан да, мен педагог-психолог ретінде өз жұмысымды жетілдіруге еш жалыққан емеспін, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесінің соңғы жаңалықтарын қолдануға тырысамын. Өз тәжірибемде ұжымдық ойлау әрекетінде белсенділікті, денсаулықты сақтайтын және шығармашылықты дамытатын технологияларды қолданамын. Сондай-ақ, балаларды топта жұмыс істеуге, коммуникативті дағдыларға және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету маңызды деп санаймын. Балалардың танымдық процестерді дамыту бойынша көп жұмыс атқарамын.

Психологтың маңызды қасиеті – ынтымақтаса білу деп есептеймін. Балалармен, мұғалімдермен жәнетәрбиенушілердің ата-аналарымен бірлесіп жұмыс істеу басты міндетім.

Зейнеп СМАҒҰЛОВА,
                                     Шағалалы ауылындағы  «Балдырған»
бөбекжайының педагог-психологы. 

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар