Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елім-ай, халқым-ай! - АРҚА АЖАРЫ

Елім-ай, халқым-ай!

Қорқыт қолына қобызын алып, Желмаясын желдіртіп, дүниенің төрт бұрышын кезіп жүрген шағында елінің тағдырын қырық жыл бұрын болжап, неше түрлі сәуегейлік ойлар айтады екен. Халқының бақыты мен тыныштығын аңсап, қара қобызын аңырата толғайды дейді. Ел-жұрттың қолынан найзасы, иығынан сауыты түспейтін, аттың жалы, атанның қомында өмір өткеретін жаугершілік заманын елестетіп мұңға батса керек. Осындайда қасиетті қара қобызын шамырқана толғап:

Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дәурені қараң болар! – дейді екен.

Қорқыт атаның сол сарындары ел ішінде «Елім-ай, халқым-ай!» деген күй болып тартылады.

Елдің иесі, жердің киесі болады

Төле бидің туған жиені Ескелді он алты-он сегіз жасар шамасында осы нағашысының ауылына барады. Сол кезде «Сабалақ» аталып кеткен балаң жігіттің түйе бағып жүрген кезі екен. Бәрі бас қосып отырған бір сәтте сол Сабалақ Төле биге қарап:

– Ұлы би, менің де қалмаққа қарсы аттанатын кезім жеткен сияқты. Маған батаңызды беріңіз – депті. Сонда Төле би:

– Болат кездік қын түбінде жатпасын білгенмін. Жолың болсын, бара ғой! – деп батасын береді.

Кетіп бара жатқан Сабалақты Ескелді тоқтатып:

– Батыр, мыналарды есіңе ұста, – деп төбесіндегі тақиясын көтеріп басына екі соғады, белбеуін шешіп жоғары көтереді де, тілін шығарып, қолын бұлғайды. Сабалақ басын изеп шығып кетеді. Жауына тұтқиылдан шапқан Сабалақ жаудың бетін қайтарғанымен, олардың бекінісін ала алмайды. Қалың қолдың еңсесі түсіп, қайтпақ сыңай танытады. Сонда Абылай:

–Төле бидің жанында отырған балаң жігіт маған ақыл айтып еді, соны орындасақ, бұл қамалды алып қалармыз, – дейді.

– Ол қандай ақыл?

– «Қалмақтың бекінісі мықты. Бірінші рет ала алмассың, екінші рет шап. Жай шаппа, белбеуіңді ту ғып көтеріп, «Абылайлап» шап!» деген еді. Одан кейін аузын ашып, тілін көрсеткені – «бекініс алынар, бірақ тіліңе ие бол, ешкімге тіл тигізбе» дегені. Қазақ, қалмақ әуелде бір туысқан. «Елдің иесі, жердің киесі болады» деген, аузыңа абай бол деп еді.

Осыны айтқан Сабалақ белбеуін ту етіп «Абылайлап» ат қояды. Қайта шабуылды күтпеген қалмақ жағы жеңіліс тауып, қамалдың қақпасын ашады. Сабалақ (Әбілмансұр) осыдан былай Абылай атанып, кейін хан сайланады, Ескелді би бас уәзір болады…

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар