Әкеден – ұлағат, анадан – инабат

Таяуда Көкшетау қаласындағы IT-лицейінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Аналар кеңесі мен «Қоғамдық келісім» үйінің және Көкшетау қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әкелер мен аналар» тақырыбында семинар болып өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, отбасы, балаларды тәрбиелеу мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ, ата-аналар қатысты.

Жиын барысында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Азамат Ысқақовсөз сөйлеп, балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілікті  мектепке ғана жүктеп қоймай, белсенді тұлғаны қалыптастыруға ата-аналардың өздері мүдделі болып, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар білім беру мекемелерімен, бала құқықтары жөніндегі уәкілетті органдармен тығыз жұмыс жасауы тиіс екендігін атап өтті.

Семинарда Ақмола облысының әкелер кеңесі, «Асыл аналар», «Сенімен болашақ»қоғамдық бірлестігі, «Ана үйі» қоғамдық қоры, психологтар, медиаторлар, ата-аналар комитеттері, отбасылық клубтар қоғамдық ұйымдарының жетекшілері баяндама жасады.

Қоғамдық бірлестіктерден, өңірлік аналар кеңестерінен, ата-аналар комитеттерінен, отбасылық клубтардан сөз сөйлеген спикерлер мен сарапшылар балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен, ата-аналар комитетінің мектеппен өзара іс-қимылы, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамыту, мектептегі дауларды шешу және оның алдын алу әдістерімен бөлісті.

Семинар модераторы, ҚХАА Аналар кеңесінің төрайымы Айнагүл Жазиева ассамблеяның «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында жүрген іс-шараларытуралы айтып берді. Ал, облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ерлан Закириянов өз сөзінде әке тәрбиесінің маңызы туралы сөз қозғады.

Жалпы, семинарда ата-аналардың отбасы институтын нығайтуға, мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығын дамытуға бағытталған пайдалы кеңестер әңгіме өзегіне айналып, тағылымы мол танымдық ақпараттар ортаға салынды.

Іс-шара соңында облыстық аналар мен әкелер кеңесінің, Көкшетау қаласының қыздар клубының белсенді мүшелері «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар