Шығармалары жеткіншектер жүрегіне жол тапты

Көкшетау қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде «Барша әдебиеттің бастауы – балалар әдебиеті»  тақырыбында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, балалар жазушысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиевпен әдеби қонақжай өткізілді.

Оқушылар назарына орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасыұсынған «Бала жанының бағбаны» атты кітап көрмесі ұсынылды. Оған қаламгердің «Бейуақ естілген ән», «Таразы тағдыр» деп аталатын жыр жинақтары, «Жетпісқалиевтің жетпіс жеті әңгімесі», «Тасқайрақ», «Көкшелік қаламгерлер құпиялары», «Сейтен тағлымы», «Жабал шешен», «Балық аулай барғанда», «Бахтияр бұзық бала емес», «Балалығым-балдәуренім» атты шығармалары, республикалық «Бала би», «Балдырған» журналдарында жарық көрген әңгімелері қойылды.

Шара барысында мектеп директоры Мәдина Хасенова сөз алып, білім ордасының «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы жұмыстарына тоқталды, қалам  иесінеізгі ниетін білдірді.

Әдеби-қонақжайға арнайы шақырылған, кешегі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды қазақ өнерінің алыптарының жолын жалғап жүрген  асылдардың сынығы, Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі  Сәрсенбай Хасенов қарымды қаламгер жайлы пікірін білдіріп, автордың  сөзіне жазған  әнін шырқап берді. Балаларды кітаппен, өнермен, спортпен жақын болуға шақырды.

Автор өзінің жазушылық жолға жалпы қалай келгенін, соның ішінде балалар әдебиеті жанрында шығармалар жазуға не ықпал еткені жайлы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Жас ұрпақ жергілікті қаламгердің тартымды әңгімелерін ұйып тыңдады. Жазушыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Серік ағасына  ақындыққа бет бұрып, өлең жазып жүрген 9 сынып оқушысы Альмира Сапарбековаөз туындысын оқып берді.

Қаламгер өз тәжірибесіне сүйене отырып, оқушыларға кітап оқудың маңыздылығы, оның жетістікке жетудегі орны жайлы кеңес берді. Рухани құндылықтарды бағалау керектігін ұғындырды. Іс-шара соңында «Тілектер кітабына» тілегінжазып, мектеп кітапханасына  өз шығармаларын тарту етті.      Бұндай  кездесулер өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін ауадай қажет. Себебі, әдебиет балаларымыздың санасына сәуле шашар негізгі тәрбие құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында, мектеппен ынтымақтастықта атқарар игі бастамаларымыз жалғасын таба берсін.

Бақытжан Айдосова,
Көкшетау қалалық орталық
балалар және жасөспірімдер
үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар