Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бауырым, бала күнім, сағынышым, дара мұңым... - АРҚА АЖАРЫ

Бауырым, бала күнім, сағынышым, дара мұңым…

(эссе)

Бір туғандай жан едім,
Не десең де бар едім.
Иманды бол, бауырым,
Енді қайда көрермін?

Бұрынғыдай бірігіп,
Қашан бірге жүремін?
Қиямет күні болғанда,
Көрсем сонда көрермін.

Бозжігіт.

Халқымыз баланы бауыр етіне, көзінің нұрына балаған. «Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін» деп тұла бойы елжіреп жүретін, үш мүшел жасында әкемізден айырылып, «жесір» атанғананамызға алпыстың қырқасына шыққан кезде ұлы Қисманнан айырылып қалу ауыр соққы болды.

Жаратушы Иемнің шеберлігінің кереметтей бір мысалы – менің Қисманым. Бауырымның ерекшелігі өзіне жетерлік еді. Биылғы қараша айында 71 жасқа толушы еді. Фәни дүниеден озғанына 36 жыл. Бауырым деп құшағыма алмағаныма көп жылдың жүзі өтіпті ғой. Бір топырақтан жаралыппыз, бір құдықтан су ішіппіз. Бірге өстік, бірге бір мектеп-интернатта тұрып оқыдық. Екі жыл бір кереуетте құшақтасып жаттық.

Әкеміз дүниеден өткен жылы мен онжасқа шыққан едім. Ал, Қисман сегіз жаста еді. Кенже ініміз Тұрлыбек алты жаста болды. Қарындастарымыз Перизат үште, ал, Ләззат бір жаста болатын.

Әкеміз қайтарынан бұрын балшықтан қалыпқа салып, кірпіш құйды. Құйылған кірпіштің көлемі бір үйге жетер деп, кептіріп алған соң қысқа қарай төрт бұрышын шығарып үйді.Көктем шыға мен, Қисман және Тұрлыбек үшеуіміз үйіліп тұрған кірпішті қардан тазаладық. Су болғандарын құрғақ жерге шығардық.

Бір кеште анамның айтқаны бар: «Әкелерің дайындап кеткен дүниелерді пайдаланып, өзімізге үй көтеріп алуымыз керек, құлындарым! Бірінші көмек Алладан, екіншісі ағайын-туыстан, ал, үшіншісі балаларым, сендерден. Бәрімізге де ауыр болады. Бірақ, түсіністікпен бір-бірімізді қолдай білсек, бітпейтін іс жоқ» деп. Сол жылы ауыл үлкендерінің қолдауы мен батасының арқасында көптеп-көмектеп үй де көтерілді. Екі бөлмесі ортасынан пешпен бөлінген. Үйдің ұзын қабырғасына қосымша дәліз есебінде бөлме салынды. Артынан ол бөлмені ортасынан бөлдік. Сонда 4 бөлмелі үй болып шыға келді.

Қисманның тапқырлығы және ұйымдастыра білетін қабілеті бәрімізді риза етті. Бір жылы көктемде ауылдағы қыстан нашар шыққан қойларды жинап-теріп, біздің үйге әкелді. Анам басшылармен келісіп, балаларым бақсын, азын-аулақ тиын-тебен артық болмас деген екен. Қойлармен бірге бөтелкеге құйылған«каролин» деген сұйық зат та келіп жетті. Бұл орайда да, Қисманның іскерлігі бәрімізден асып түсті. Әп-сәтте қойды жығып, каролинді құй деп, қотырланған жерін көрсететін. Қойларды күту, емдеу, артынан бағуды үлкен білгірлікпен атқаратын.

Өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары ауыл тұрғындары пешке қи жағатын. Көктем келеқоғам малыдалаға шыққан соң, ауыл басшылары қораларды қиын ойып алсын деп әуелі жетім-жесірлерге, содан кейін зейнеткерлерге, артылып жатса, басқаларына бөлетін. Бір қорада кем дегенде 5-6 отбасы. Үлкені бар, кішісі бар, солардың ішінен қи оюда Қисман бауырымның ұқыптылығы бірден көзге түсетін.

Даладан тезек тергенде де анамыздың айтатыны ғой: қара торымның қапшығы толуға жақындапты. Есетжанның жиғаны жарты қапшық қана деп. Кешкісін Қисман үйдегі қара биені құлынымен өзеннің арғы бетіне шығарып, ауыл жылқыларына қосып келетін. Сөйтсек, оның үйретуі бойынша қара бие қастарына біреу қосылса, шаба жөнеледі екен. Сол пәрменімен өзеннің суына жеткенде, алдыңғы екі аяғын тіреп тұра қалады да, үстінде жайдақ отырған Қисман ұшып барып, суға шолып ете түседі. Көргендердің бәрі күлкіге кенеледі. Айтқан сөзі, істеген іс-амалы, ойлаған ойы бір жерден шығатын салмақты және сабырлы азаматтардың қатарына жатқызар едім мен Қисманымды.

Бақытты болашақты аңсаған, әрі білімге құштар болған бауырымның жүрген жері ойын-сауық, әзіл-қалжың еді. Интернатта да мінезі жайлы, сабырлы, үнемі ой үстінде жүретін еді.

Қой шаруашылығы болған соң ауылда қойдың жүнін қырқу да бір науқан еді. Анам көбіне мені ертіп алатын қасына. Екеулеп бауыры таза қойды отардан сүйреп алып шығып, қырқуға кірісеміз. Кешкісін жеңімпаздар анықталады. Қырқылған қой саны және түскен жүнінің салмағы есептеледі.

Анам жеңімпаз атанса, үйге екеуміз де масаттанып ораламыз. Кейде менің орныма Қисман барып жүрді. Осылай екеулеп анамызға қолқанат болдық.

Кей жылдары екеуіміз жазғы каникулда шөп дайындау науқанына қатысып жүрдік. Қисман бірде тырнауышқа отырса, бірде шалғы қайрайтын қайрақшының көмекшісі болып жұмыс істеді.

Жаз айларында шөп маялауда жүрген анам Қисманды өзімен бірге алып кететін. Сөйтіп, маяның үстіне шығарып, ерсілі-қарсылы жүргізіп, шөп басқызатын. Күз  келгенде мехтокқа барып, бидай ұшырамыз. Соның бәріне белсене кірісіп кететін. Әсіресе, анамыздың берген тапсырмасын екі етпеу бар аңсар-мұраты еді. Осы қасиеттері бауырымның көпшіл, қоғамшыл болғанының дәлелі.

Қаңтардың басындаауылға екі апталық каникулға келетінбіз. Ауылдан ДТ-54 тракторына тіркелген үлкен шана келеді интернатқа. Үстінде бізге жіберген тондар мен пималар жатады. Әркім өз киімін өзі танып алады. Көбіне ауылдан Пайзұр ағам келетін. Қасында көмекші есебінде Амантай мен Қажымұқан ағаларымыз жүреді. Төте жолмен 45-50 шақырымды артқа тастап, ауылға да жетеміз. Қақаған қыста ашық шанада неткен шыдамдылық десеңізші. Еті тірі Қисманым-ай, тоңып бара жатсақ, ананы айтып, мынаны айтып, бізді жігерлендіріп, күш беріп қоятын.

Осы қысқы каникулда жүргенімізде ауыл Одесса ауданындағы диірменге апарып, ұн үктіріп әкеледі. Оған біздің үйден Қисман барып жүрді. 3-4 күн жүріп келетін. Үйге келген соң үлкендер  Қисманды мақтап,анам бір масайрап қалады.

Кейде демалыс, не мейрам күндері мектеп-интернаттың тәрбиешісінен сұранып, Бидайықта тұратын Әйем (Күлбағила) үйіне қонаққа баратынбыз. Төрежан жездем, ұлдары Мұхитден, бәрі біздің келгенімізге қуанып қалатын. Шіркін, дүние-ай! Тым қатал болармысың! Ол Мұхитден де жиырма жасында фәни дүниеден қыршын кетті.Қырық жастың бел ортасына жетер-жетпесінде Күлбағила тәтем де үйішінде ауырмай түрегеп жүріп, дүниеден озды. Бір бастан асып түскен жетімдік пен жоқтықты көрдің-ау, Әйе! Иман байлығын берсін!

Тағы да Қисманға оралсам, туған-туыстарына, дос-жарандарына деген қамқоршылығы ерекше еді. Туыстарына да, әулетіне де, ауылына да сыйлы болды. Жазғы демалысқа ауылға келгенде, бір түн қонып шыққан соң үй-үйді аралап, туыстарға және үлкендерге жаппай сәлем беріп шығатын. Сондай күндердің бірінде Қисман ауылымыздың шет жағында тұратын Ербай атамызға барып сәлем береді. Атамызды біз «нағашы» дейтінбіз. Өйткені, әжемізге туыстығы бар.

Таңертеңгісін Қисман: «Әссалаумағаләйкум, нағашы! – деп, атамыздың үйіне кіріп барған. Нағашымыз көзін қолымен көлегейлеп, сәлем берген жаққа қарап: «Бұл кім?» – деп сәлемін алады.

–Мен, Қисманмын. Бекпайдың баласымын. Кеше каникулғакелдім. Сізге сәлем бере келіп тұрмын, – дейді.

Қаршадай баланың мына көрегендігіне риза болған атасы содан «Қатарыңның алды бол! Сенен ешкім озбасын. Болмасын деген оңбасын» деп ақ батасын берген екен.

Қай кезде болсын, өзгеге көмектесуге дайын тұратын. Бірде, мектептен келсем,үстел басында кітабын оқып отыр екен. Мектепке бармайсың ба? Уақыт болып қалды ғой дедім. «Мен сені тосып отырмын. Бәтеңкеңді берші. Сабаққа барып келейін» деді. «Аяқ киімің қайда?» – деп едім, жымиып күлді де, «Бағдаттың киіп жүрген аяқ киімі жыртылып қалды. Физкультурада футбол ойнапты. Менің бәтеңкемді киіп, осында тұратын ағайының үйіне аяқ киім сұрап келуге кеткен. Тез келем деп еді, әлі жоқ», – деді. Мен бәтеңкемді шешіп бердім. Киіп алып, жүгіре басып мектепкекетті.

Екеуіміз интернатта екі оқу жылы қатарынан бір кереуетте жаттық. Одан кейінгі 7-ші мен 8-ші сыныптарда бөлек, көрші кереуеттерде болдық. Түнде орнымнан тұрып, көрпесін түзеп, киім-кешегін жөндейтінмін. Иіскеп, бетінен сүюші едім.

Айтқанынан қайтпайтын ержүрек жігіт болды. Өтірік айтқанды ұнатпайтын және ондайды жек көретін. Мұғалімдердің, тәрбиеші мен менің де сұрақтарыма тек шындықты айтып жауап беретін.

Сол кездегі «Карл Маркс» кеңшары (бүгінгі Ақтүйесай ауылы) ескі қазақ ауылы және шаруашылықтың орталығы деп аталатын екі бөліктен тұратын. Екіншісінде көбіне неміс ұлты болды. Ондағы жастар Қисманды адамгершілігі, достыққа адалдығы менәділдігі, шыншылдығы үшін сыйлайтын. Көбінесе Қисман балалардың арасында болып тұратын жанжалдарды басып, екі жақты татуластыруға шебер еді. Мұндай жағдайлар жергілікті балалар мен интернатта оқитындардың арасында да кездесіп жүрді.

Қисман Ақтүйесай ауылындағы өзінің сыныптас және сыйлас құрбы-құрдастарымен де араласты. Әсіресе, Еркін Аужановпен жақсы қарым-қатынаста болды. Сонымен қатар, нағашыларымыз Оспан мен Әлмұқанның отбасымен қатынасып тұрды. Оспан нағашымыздың ұлы Қылышбекпен дос болды.

Сегізінші сынаптан кейін Қисман оқуға бармайтын болды. Сондағы өзінің шешімін былай түсіндірді: «Анашым, маған осы білім жеткілікті. Механизаторлық және шоферлік оқуға барамын. Әуелі тракторшы болып ауылда жұмыс істеп, ақша табамын. Сөйтіп, өзіңізге көмектесемін. Одан да бауырларым оқысын. Сізге де көмек керек. Көктемнен бастап қыс түскенше біз үшін әртүрлі қара жұмыста жүресіз. Енді дем алыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. Артынан шоферлікті меңгерген соң машинаға отырамын. Ел, жер көремін. Сізді, немерелеріңізбен тойға, құдалықтарға апарып тұрамын».

Көкшетау облысының Володар (қазіргі Айыртау) ауданында қызметте жүрген кезім. Қисман бауырым іздеп келді. Қуанышымда шек жоқ. Риза болдым. Далаға шығып, темекі тұтаттым. Қисман екеуіміз ананы-мынаны айтып тұрдық. Бір кезде Қисманның «Иә, уақыт өтті де, кетті. Қайтара алмайсың. Оқуға бар. Оқы дедіңдер. Мен бармадым. Өздерің сол оқыған оқуларыңның жемісін көріп, енді міне, қызметте жүрсіңдер. Әй, өмір-ай!» – дегенін өз аузынан естідім. Өкініш!..

Обалы нешік, сондағы сөзінде тұрып, трактор мен комбайнды жақсы меңгерді. Кез-келген науқанның бел ортасында жүретін. Кімге болсын сыйлы болды.Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының бас кезінде ауылдан көшіп, отбасымен сол кездегі Ленинград ауданының орталығына келіп орналасты. Аудан басындағы жол пайдалану учаскесіне жұмысқа шықты. Бұл мекеме жаз бойы жолдарды жөндесе, қыста оны қардан тазалайтын.

Қайтарынан екі-үш жыл бұрын шамасында қан қысымы жоғарылап, тиыштық бермей жүрді. Оған онша мән бермеді. Отыздан жаңа ғана асқан тепсе темір үзетін кезі. Не дейсің!.. Айттың не, айтпадың не? «Болжаусыз осы екен ғой өлім деген» рас екен. Жаның жәннатта болсын! Иманың жолдас болсын! – дейміз де, құран оқып, сабырлық сақтаймыз.

Қисман бауырымның  өміріндегі асыл қазынасы – артына тастап кеткен екі перзенті. Ұлы Сабыржан, келіні Анар осы күні ақар-шақар бір шаңырақ. Жәнібек, Тәмерлан, Әмір аттынемерелері мектеп қабырғасында білім алуда.Үлкен немересі Жәнібек келесі жылы қалаған оқуына түсіп,бір мамандық иесі болуын Тәңірім нәсіп етсін! Өзі биыл Көкшетау қаласындағы суретмектебін тәмамдап шықты. Бітірерде суретін маған жіберді. Талабына разы болып, батамды бердім!

Қисманның қызы Нұргүл анасының жанында. Інісі Сабыржанның үйлену тойының бел ортасында жүрді. Нұргүлді жеке шақырып алып, «Кел, менің үйіме. Қыздарыммен бірге боласың. Колледжге оқуға түсіп, мамандық аласың. Әр жағын сосын көре жатармыз. Анаңа дипломыңмен барсаң қандай жақсы!» дедім. Жымиып күлді де, қойды. Бірақ, қайтып келмеді.

Қисманның балажандылығы жайлы да айта кетейін. Үлкен қызымды бір жастан асқаннан кейін ауылға анамның бауырына апарып бердік. Қисманның үйленген кезі. Бірақ, бала сүйе алмай жүрген еді. Байқаймын, қызымызды өте жақсы көреді. Анам марқұм да екеуінің қызықтарын айтып күлдіріп отырушы еді. Содан баламыз кейін қолымызға қайтып келді. Арада аз уақыт өткенде Қисман қызымды іздеп келіп тұр. «Балажан» деген осы ма екен?!

Адамға көрікті келбет пен сұлу сымбат та қажет. Бірақ, мұның бәрі жеткіліксіз. Оны толықтырса, ақыл, әділдік, кішіпейілділік пен мейірімділік толықтыра түспек. Бойында соның бәрі болған қайран, бауырым Қисманды қинала еске алып отырмын.

Адамның ойсыз күні болмайды. Көңіл небір ойға кетеді. Бір ой бар, келеді де, із-түссіз жоғалады, бір ой бар, қайта-қайта орала береді, көкейіңнен кетпейді. Аяқ астынан болмашы нәрседен тұтанып, өріс алып кететін жағдайларда болып тұрады. Мұның бәрі әлде сағыныш па?!

Сағыныштың түрі де сан алуан… Бірге туғанмен, бірге жүрмек жоқ, жаныңа жақын ағайын-туыстарыңды аңсап, жүрегіңнің жиі-жиі сыздайтыны өз алдына бір бөлек. Орны толмай, ойсырап тұратын Қисман бауырыммен де солай. «Жүк ауырын нар көтереді», «Болған іске болаттай бол» деп жатады ғой халық даналығы.

«Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол, досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас» деп Абай атамыз да кейінгі ұрпақтарына өсиет қалдырған екен. Бұл қанатты сөздің өміршеңдігін қашанда уақыт көрсете береді ғой. Мен сені мына кең дүниеден күнде іздеймін, жан бауырым, Қисманым!..

                          Есләмбек БЕКПАЙҰЛЫ,
еңбек ардагері.

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар