Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өтініш-тілектер мен ұсыныстар бақылауға алынды - АРҚА АЖАРЫ

Өтініш-тілектер мен ұсыныстар бақылауға алынды

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді және өңірлерден тұрғындардың өтініш-тілектерін  бейне-конференц байланыс арқылы тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдауға алдымен, Сандықтау ауданының тұрғыны Светлана Мартенс «Сандықтау Агро» ЖШС-інде жер телімін бөлу және оның дивидендтер төлеуі туралы сұрақтармен жүгінді.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, С.В.Мартенске өңделген жер телімін бөлу мәселесі шешілді, телімдердің орналасуы туралы келісімге қол жеткізілді және картада бөлінген телімдердіңсұлбасы бекітілді. Наурыз айының басында қосымша кездесу жоспарланған. Жиналыс хаттамаларын рәсімдегеннен кейін дала жұмыстарын бастау үшін құжаттарды дайындау қажет болады.

Щучинск қаласының тұрғыны Төлебек Жұмақаев аймақ басшысына қабылдауға Бурабай ауданындағы елді мекендердің атын өзгерту мәселесін қарастыру ұсынысымен келіпті.

Заңнамаға сәйкес, тұрғындардың пікірін ескеру үшін жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу жоспарлануда. Тұрғындар қолдау көрсеткен жағдайда аудандық әкімдік қажетті жұмыстарды атқаратын болады.

Бейне-конференция арқылы Целиноград ауданының тұрғыны Кеңес ауылындағы зиратты көктемгі тасқын судан қорғауды сұрады. Бұл елді мекендегі мұсылмандар қорымының Нұра өзенінің су қорғау аймағында орналасқаны су заңнамасының талаптарына қайшы келеді. Аудандық әкімдік бүгінгі таңда Нұра өзенінің сол тұстағы суының қорымға қарай кетпеуі үшін ұзындығы 800 метр су арнасын тазартып және түбін тереңдетіп, суды соған бұру жұмыстарының сметасын жасауды қолға алған.

Көкшетау қаласындағы Бірлік шағын ауданының тұрғындары автобус бағытын өзгерту, аялдамалар орнату, қоқыс шығару, көшелерді жарықтандыру, жылумен және ауыз сумен қамту, тағы басқамәселелер бойынша жүгінді. Олардың өтініші бойыншаКөкшетау қаласының әкімдігіне энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімдеріне  тиісті тапсырмалар берілді.Барлық айтылған ұсыныстар облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар