Тұмау мен өзге вирустық жұқпалы аурулар өршіп тұр

Өткен жылмен салыстырғанда, облыста биылғы эпидкезеңде ЖРВИ және тұмаумен ауырғандар саны 2,2 есе өскен. Қазірдің өзінде сырқаттанудың 122 996 фактісі тіркеліп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов баяндады.

Вирус жұқтырушылардыңденібалалар. Бүгінде олардың арасынан 67 840 бала ауырған. Бұл жалпы көрсеткіштің 55 пайызын құрайды. Ал, оның ішінде 4 жасқа дейін ауырған 26 693  және 5 жастан 14 жасқа дейін ауырған 41 147 бала бар. Жүкті әйелдер арасында ЖРВИ-нің 2 404 жағдайы тіркелді.

–Респираторлық аурулардың ауыр асқынуы пневмонияға әкеп соғады. Биылғы эпидемиялық маусым басталғаннан бері пневмониямен ауыратын 571 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында  449, бір жасқа дейінгі балалар арасында 125 жағдай тіркелді. Өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда, ауруханаға жатқызудың 18 пайызға өсуі байқалады, осы кезеңде 469 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 270, 1 жасқа дейінгі балалар 73. Жүкті әйелдер арасында 3 адам пневмониямен ауруханаға жатқызылды,–деп мәлімдеді Серік Омарханов.

Білім беру ұйымдарында ЖРВИ белгілері бар балалар мен қызметкерлердіанықтауүшінтаңертеңгітексеружұмыстарыұйымдастырылған.  Вирус жұқтырған балаларды оқшаулау, сыныптарды желдету режимін күшейту, білім беру объектілерінде температуралық режимнің күнделікті мониторингін жүргізу жөніндегі іс-шаралар тұрақты жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, ЖРВИ-дің алдыналу бойынша түсіндіру жұмыстары да күшейтілген.

–Мектептегі сыныпта немесе балабақшадағы топта ЖРВИ-мен ауырғандардың үлесі 20 пайыздан асса, сол сынып яки балабақшадағы топ соңғы ауру жұқтыру фактісі орын алған күннен бір инкубациялық кезеңге қашықтықтан оқыту режиміне ауысады. Білім беру мекемесінде ауырғандар саны 30 пайыздан асса, тұтас білім беру мекемесінде оқыту процесі тоқтатылады. Бүгінгі таңда ондай жағдай әлі тіркелген жоқ, – деді басшының орынбасары.

Жалпы алғанда, облыста биылғы эпидкезеңде пневмониямен ауруханаға түскендердің саны 571 адам, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны  449 болды. Бұл жалпы көрсеткіштің 78,6 пайызын құрайды. Жылдағыдай тұмау мен вирустық жұқпалы аурулардың белең алып отырғанын биыл осы сырқаттармен ауруханаға  түскен адамдардың саны 18 пайызға артқанынан байқауға болады.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар