Ақмола облысында 9 күн бұрын жоғалған жігіт табылмай жатыр

– Ақмола облысында тоғыз күн бұрын жоғалған 21 жастағы жігіт табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 ақпанда Көкшетау қалалық ПБ-на облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгініп, 2002 жылғы ұлы Рахман Жасланұлы Божантаевты іздеуге көмек сұрады.

Ер адамның сөзінше, ұлы 6 ақпанда Астанадан қонаққа барып, ол жақтан 13 ақпанда кеткен, содан бері хабарсыз.

Жоғалған адамның бойы 170-175 см, дене бітімі арықша келген, шашының түсі қара.

Жоғалған адамды іздеуге Көкшетау қаласы ПБ-ның жеке құрамы мен күштері жұмылдырылды.

Рахман Божантаевтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдар дереу 87786453579, 87028779255, 8(7162)257805 телефон нөміріне немесе 102 желісіне хабарласуына болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар