Сапалы интернетке қолжетімділік қамтамасыз етіледі

Ақмола облысында Интернетке сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасы қалыптастырылады.

ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Ибрагимов байланыс операторларымен кездесу өткізді. Кездесу, Көкшетау қаласында Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Smart Aqmola» КММ-де өтті.

«Қазақтелеком», «Транстелеком», «КАР-ТЕЛ», «Мобайл Телеком-Сервис», «ҚазТелеЖүйе», «Үй тележүйелері» компаниялардың өкілдері өңірдегі елдімекендерінің Интернет желісіне сапалы кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша Жол картасын қалыптастыру және орындау бөлігінде, Ақмола облысы әкімдігімен ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.

Құжатқа, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мен Ақмола облысының әкімі қол қояды деп күтілуде.

Интернетке қол жеткізу елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселесі болып табылады. Жоғарыда аталған Жол картасының барлық тармақтарын іске асыруы Цифрлық теңсіздікті жоюға, Интернетке барынша қолжетімділікті және өңір азаматтарының сапалы байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар