Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалық қыз-келіншектер мен әйелдер!

Сіздерді шын жүректен Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! 8 наурыз – ең жарқын да қуанышты мерекелердің бірі, көктем мен сұлулық, сүйіспеншілік пен отбасылық құндылықтар, бейбітшілік пен игілік символы.

Бұл күні біздің тамаша аруларымыздың қоғамдық өмірдегі маңызды орнын ерекше атап өтіп, адамзат баласының осы нәзікжанды жартысына ең ізгі тілектер мен алғыстарымызды арнағымыз келеді.

Бүгінгі таңда Сіздер ер азаматтармен бірге, тіпті, кей жағдайда біздің алдымызда да жүріп, өз кәсіптеріңізде жоғары жетістіктерге жетесіздер, лауазымды қызметтерге тағайындалып, үлкен ұжымдарға басшылық жасайсыздар. Соның бәрінде де өздеріңіздің ең негізгі парыздарыңызға адал болып, отбасы жылуын, бала тәрбиесін, азаматтарыңыздың жай-күйін берік назарда ұстап келесіздер. Осы мойындарыңыздағы үлкен жүктен де сіздердің мықты күш-жігерлеріңізді, өмірлік ұстанымдарыңызды анық аңғаруға болады.

Біздің елімізде әйелдердің құқықтарын кеңейту, ана мен баланы қорғау мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінуіне күш салынуда. Жыл басынан бері ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бірқатар бастамалары іске асырылуда. Баланы күту жөнінде төлем төлеудің мерзімі бір жарым жасқа дейін ұзартылды. Бұл 12 мыңнан астам ананы қамтыды. 2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнет жасының шегі 61 жастың деңгейінде белгіленді.

Біздің облыстың және еліміздің игілігі үшін өмір бойы тынымсыз еңбек еткен, соғыс жылдары тылда жанқиярлық еңбектің үлгісін көрсеткен, соғыстан кейінгі уақытта бейбіт өмірді қалпына келтірген аға ұрпақ өкілдерінің атына ерекше алғыс айтқым келеді.

11 мыңнан астам көп балалы аналар, соның ішінде 6 мыңнан астам «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларының иелері Ақмола облысының шын мақтанышы болып табылады.

Бүгінгі таңда көптеген әйелдер іскерлік пен жауапкершілік жағынан ерлерден қалыспай, әртүрлі салаларда, құрылыста, өнеркәсіпте, транспортта, ауыл шаруашылығында, білім мен денсаулық сақтау салаларында, ғылым, мәдениет, спорт, қоғамдық секторда белсене еңбек етіп келеді. 25 мыңға жуық жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін ақмолалық қыз-келіншектер мен әйелдер басқарады.

Сондай-ақ, бізде білікті педагогтардың, тамаша медицина қызметкерлері мен құқық қорғау және қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің қатары да қалың. Бұл жайында тоқтаусыз жалғастыра беруге болады. Кез-келген жұмыс пен кез-келген іс біздің нәзік жанды замандастарымыздың қолдарынан әбден келетініне ешбір күмән жоқ.

Аяулы біздің аналарымыз, әжелеріміз, зайыптарымыз, апаларымыз бен қарындастарымыз, қыздарымыз және әріптестеріміз! Көктемнің осы бір шуақты күні Сіздерге тек қана көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйласын, өмірлеріңізге жарасымды жан жылуын, үміттер мен армандар әкелсін. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, сәттіліктер мен табыстар тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар