Нұрланның қолы «алтын» ғой!..

 НҰРЛАН ҚАЙЫРҰЛЫ ЖАРОВ. Наурыз айының 19 күні өтетін сайлауда бір мандатты аумақтық №2 сайлау округі бойынша Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер болып отырған осы «алтын» қолды азаматты қолдау әрқайсымызға сын.

Нұрлан Жаров!  Осы бір қолы алтын адамның атағы  мен даңқы елге ерте тарады. Ертенің кісілері кім көрінгеннің қолынан келе бермейтін  әлдебір маңызды істі «қолы жеңіл» деп шынайы да хас шеберге сеніп тапсыратын. 

Сол үрдіспен көкшетаулықтар дертіне шипа іздесе болды, осы бір сұңғақ бойлы, жүзі жылы, аққұба жігітті іздейтін. Былайша айтқанда ота жасайтын болса, осы Нұрланның қолына түссек екен деп тілейтін.

Нұрлан Қайырұлы өйткені «алтын» қолды хирург есебінде қалың жұртшылықтың құрметіне бөленді. «Алтын» қолымен елге танылды! «Алтын» қол дегеніміз қазақы ұғымда қолы жеңіл дегенге саяды.Сонан да барып, біздің халқымыз әлдебір күрделі де жауапты істерін атқару үшін осы қолы жеңіл адамдарды іздейтін. Қолдың жеңіл болмағы сол адамның жан тазалығы мен имандылығында болса керек!

Шынында да Нұрланның қолы алтын, қолы  жеңіл болатын.  Білімді. Өз мамандығының қыры мен сырын жетік меңгеріп келеді. Ол әлі де ізденіс үстінде! Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын, Аlmaty Management University іскерлік әкімшілендіру магистрін бітірген. «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша  іскерлік әкімшілендіру магистрі  дәрежесі бар.

Міне, біздің Нұрлан Жаров 1998-2006 жылдары Көкшетау қалалық ауруханасының хирург дәрігері, 2007-2018 жылдары Көкшетау қалалық ауруханасы хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі болып жүрген кездерінде өзінің нағыз маман, шынайы  дәрігер, адал азамат,алдына келген әр сырқаттың көңілін тауып, жанына сенім мен жүрек жылуын құйып, әйтеуір сауықтырып жібергенше жан таласатын-ды.

Біздің елімізде түрлі реформадан шет қалмай отырған бір сала  медицина болса, осы мақсатта  халыққа дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту   мақсатында Нұрлан Қайырұлы 2018 жылы  Ақмола облыстық  ауруханасының (көпбейінді облыстық аурухана)  директорлығына тағайындалды.

Бұл Нұрлан Қайырұлы сынды азаматқа және білікті маманға көрсетілген зор сенім, жүктелген зор жауапкершілік болатын.

Бұл күндері ол сол сенімді толықтай ақтап келе жатыр деуге әбден болады! Ақмола облысының дәрігерлік қызмет көрсету саласының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуда ілгері басқандық анық бар. Және де емдеу мекемелері білікті де білімді дәрігерлермен,  осы заманғы түрлі медициналық жабдықтармен толыға түсуде.

Бір айтарлығы сол, Нұрлан Қайырұлы Жаров сол баяғы кісілігімен кішілігі сияқты адами қасиеттерінен айнымай келеді. Бұл Абайдың «асыл адам айнымас» деген қағидасына келіп саяды. Әлі де, қашан көрсең де, ақ көңілімен елпілдеп, жан баласы ауырмаса екен, жан баласы ренжімесе екен, жан баласы тауқымет тартпаса екен деп жан ұшырып жүретін Нұрлан Қайырұлының күн сайынғы сан алуан қызметіне қарамастан, ол өзінің дәрігер екендігін ешқашан ұмытпай, өзінің кәсіби біліктілігін әрдайым арттыруға ынталы болып келеді.

Біздің кейіпкеріміз Нұрлан Жаровтың   «Жалпы хирургия» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаты бола тұра, ол   2002 жылы Санкт-Петербург қаласындағы И.П.Павлов атындағы мемлекеттік медицина университетінің базасында лапароскопиялық хирургия бойынша мамандандыру, 2009 жылы Сингапурда «Денсаулық сақтаудағы аккредиттеу курсы» біліктілігін арттыру,  2011 жылы «Денсаулық сақтау менеджменті. Денсаулық сақтауды ұйымдастырудың өзекті мәселелері. Медициналық көмектің сапасын басқару. Сараптама қызметінің негіздері» курстарынан өтіп, өз білімін жетілдіре түсті. Осындай тынбай да, үзбей де ізденіп, білім қууының арқасында Нұрлан Жаров   2009 жылы  «Жылдың үздік дәрігері» республикалық байқауының лауреаты атанды.

Және осыншама білім іздеуге кетіп жатар уақытын Нұрлан Қайырұлы түрлі қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүруге де аянбай жұмсап келеді. «AMANAT» партиясының мүшесі. Ол өткен шақырылымдағы Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты бола жүріп те, өз сайлаушыларының шынайы алғысына да бөлене білді. 2022 жылдан Ақмола облысы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі. 2019 және 2022 жылдары өткен сайлау кезінде  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың сенімді өкілі болды.

Біздің, яғни, халықтың Нұрланы биылғы наурыз айының 19 күні өтетін сайлауда Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер болып, бір мандатты аумақтық №2 сайлау округі бойынша тіркелген де болатын. Ол өзінің алдына нақтылы мақсат – өз халқыма адал қызмет жасасам екен деген бір-ақ оймен бара жатыр.

Ақмола облыстық мәслихатына депутаттыққа кандидат НҰРЛАН ҚАЙЫРҰЛЫ ЖАРОВ өз туған жерінің бір перзенті ретінде сол туған өңіріне шынай жанашырлықпен алдына айқын мақсат қойып отыр.

БІЗДІҢ НҰРЛАН ең әуелі денсаулық саласының жағдайын мейлінше жақсартуға, дәрігерлік қызметтің сапасын арттыруға, жаңадан емханалар мен ауруханалар салуға барынша ықпал жасамақшы. Медицина кадрларының мәселесін шешуге деген ниеті бар. Жөн дейміз!

БІЗДІҢ НҰРЛАН алдағы уақытта депутат ретінде жылу және энергетика, сумен жабдықтау салаларының жұмыстарына талдау жасап отыруды, бақылауды күшейтуді де өз назарында ұстамақшы!

БІЗДІҢ НҰРЛАН  алдағы уақытта депутат ретінде әлеуметтік салалардың айналасын көркейтіп, көгалдандыру, жаңадан мәдени, спорттық нысандар салуға және балалардың ойын алаңдарын салуға да әрекет қылмақшы!

БІЗДІҢ НҰРЛАН алдағы уақытта депутат бола қалса, әлеуметтік және тұрғын үй құрылысына бөлінетін бюджеттік қаражаттың жұмсалуына да барынша бақылау жасап тұрмақшы!

БІЗДІҢ НҰРЛАН алдағы уақытта депутат бола қалса,  мұқтаж жандарды Заң аясында баспанамен қамтамасыз етуге, мүмкіндігі шектеулі жандарға мейлінше жағдай жасауға, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қоғамдық тамақтандыру саласының сапалы қызметін жақсартуға да, облыстың даму ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық нормативті актілер жасалып, қабылдануына да ат салыспақшы!

БІЗДІҢ НҰРЛАН  осы жасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау үздігі, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хатымен,   «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен, 2021 жылы Денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық қоғамдық үйлестіру комитетінің «Алтын скальпель – GoldScalpel» орденімен марапатталған.

Ол – Қазақстан Республикасының«Құрмет» орденінің иесі!

Және де Қазақстан Республикасы Сенатының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған Құрмет грамотасымен марапатталғандығын айтқан да ләзім!

Нұрлан Жаров! Арлы азамат! Білікті маман! Ел құрметтісі! Сол арлы да, жаны жайсаң ел азаматын қолдайық! Сайлауда сайланбалы және таңдамалы болсын!

Республикалық бюджет қаржысы есебінен қалалық аумақтық сайлау комиссиясынан төленді.
№2 сайлау округі бойынша Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Н.Қ. Жаровтың сайлау қорынан төленді

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар