Әр қала мен елді мекен өзінің бас жоспарына сәйкес салынуы керек

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының  құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Владимир Фелбелт сәулет және қала құрылысы саласындағы жұмыстар жөнінде ой бөлісті.

Басқарма қызметіндегі басым бағыттардың бірі облыстың елді мекендерін бас жоспарлаумен, қала құрылысы жобаларымен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда облыстың 605 елді мекенінің 492-сі бас жоспармен қамтамасыз етілді. Жаңа бас жоспарлар  177 елді мекенде бар. Облыстық маңызы бар барлық қалалар, 17 аудан орталығы, сондай-ақ, халқы 5 мың адамнан асатын елді мекендерде жаңа бас жоспарлар іске асырылуда.

−Жалпы, облыс бойынша Көкшетау қаласында, Қорғалжын және Ақкөл аудандарында бас жоспарлармен 100 пайыз қамтылуға қол жеткізілді. Бұл мәселелер Аршалы, Бурабай, Егіндікөл және Шортанды аудандарында жақсы шешілуде. Бұл аудандарда қолданыстағы заңнама бойынша 2000 жылға дейін әзірленген бас жоспарлар сақталған және олар елді мекендерді дамытуда қолданылады. Алайда, аудан әкімдіктері 90-шы жылдардағы бас жоспарлардың қазіргі уақытта жаңартуды талап ететінін ұмытпауы қажет. Өткен жылы Ақмола облысы бойынша Аршалы кентінің бас жоспары, сондай-ақ, 23 елді мекен бойынша даму және құрылыс сұлбалары бекітілді, − деді Владимир Фелбелт.

Қазіргі уақытта әзірленген қала құрылысы жобаларының халық саны 5 мың адамнан асатын елді мекендердің бас жоспарларына сәйкестігін айқындау мақсатында сараптамалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жоспарлау жобаларын қоса алғанда, барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларыныңміндетті түрдемемлекеттік сараптамадан өтуі туралы мәселені пысықтап жатқанын айту қажет. Заңнамаға осы өзгерістер ағымдағы жылы енгізілуі мүмкін.

Облыстың елді мекендерін қала құрылысы жобаларымен одан әрі қамтамасыз ету Жол картасына сәйкес жүзеге асырылады.Мәселен, биыл облыстық маңызы бар Көкшетау және Қосшы қалаларының бас жоспарлары әзірленуде.

−Сондай-ақ, облыстық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен ағымдағы жылғы 38 елді мекен бойынша қала құрылысы жобаларын әзірлеу жоспарланған. Болашақта осы елді мекендерде құрылыс бекітілген жобаларға сәйкесжүргізілетін болады.Қазіргі уақытта ең белсенді құрылыс Көкшетау қаласында жүргізілуде. Қаланың орталық бөлігінде ескі ғимараттардың орнына тұрғын үй кешендері салынуда. Қаланың солтүстік бөлігінде «Сарыарқа» шағын ауданы қанат жайды. Әрине, қала аумағын салу кезінде проблемалық мәселелер де кездеседі. Мысалы, объектілерді, оның ішінде қалыптасқан құрылыс аумақтарындағы көппәтерлі тұрғын үйлердіалсақ, олардың тығыз орналасуы жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының наразылығына алып келеді. Мұндай жағдайдың туындауы қазіргі уақытта сәулет-қала құрылысы кеңесінің болмауынан болып отыр, оның шешімдері әзірленіп жатқан жобалардың сапасына оң әсерін тигізер еді, – деп тарқатты Владимир Фелбелт.

Өткен жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту қорының жергілікті бюджет қаражаты есебінен Атбасар және Щучинск қалаларының құрылыс салынған аумақтарында жер асты және жер үсті коммуникацияларын түгендеу бойынша жұмыс жүргізілді. Биыл Атбасар, Щучинск, Ерейментау, Ақкөл қалаларында және Жақсы ауылында жалпы ауданы 4644,8 гектар инженерлік желілерге түгендеу жүргізіледі. Ұлттық жоба шеңберінде 2024 жылдың соңына дейін облыстың барлық аудан орталықтарының құрылыс салынған аумақтарында желілерге түгендеу жүргізу жоспарлануда.

Қорытындылай келе, Ақмола облысы әкімдігінің және аудандар мен қалалар әкімдіктерінің бірлескен іс-қимылдары азаматтардың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталғанын айта кеткен жөн.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар