Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Рамазан айымен құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Рамазан айымен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Сіздерді барша мұсылмандар үшін қасиетті болып саналатын Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан айы – әр мұсылман баласының өзінің рухани бастауларына зер салатын, шексіз мейірім мен ізгіліктің және өмірдің мәнін ұғынып, өзінің ішкі жан-дүниесіне бойлайтын аса бір маңызды кезеңі. Бұл айда ораза ұстау, сөйтіп, өзін бір тәңірдің, жарылқаушы Жаратқанның бар жақсылығы үшін құлшылық етушілер санатында сезіну, қайырымдылық пен имандылықтың, діни наным мен оған құрметтің, жан-дүние тазалығы мен Аллаға шексіз берілудің разылығына бөлену адам баласының өз-өзіне есеп беруі іспеттес үлкен сауапты іс.

Бұл кезеңде адамдар қайырымдылық шараларына барынша ден қойып, мұқтаж жандарға қолдан келген көмегін көрсетуге ұмтылады, барды қанағат тұтып, алдан жақсылықтар күтеді.

Қасиетті Рамазан айында жасаған барлық оң амалдарыңыз өздеріңізге жақсылық болып қайтып, жандарыңызды жадыратсын. Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, ашық аспан мен ынтымақ, ұстаған оразаларыңыздың сауапқа жазуын тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар