Прокуратурадағы Наурыз қуанышы

Ақмола облысы прокуратурасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай мерекелік іс-шара өтті.

Ақмола облысының прокуроры А.С.Майлыбаев облыстың прокуратура органдарының қызметкерлерін көктемнің шуақты да сүйікті мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, көктемдей жадыраған көңіл-күй тіледі.

Мерекелік іс-шара арнайы әзірленген ұлттық тағамдардан дәм татумен және асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындармен жалғасты. Асық ату сайысында облыс прокурорының орынбасары Ж.Бердіқұлов жеңімпаз атанса, арқан тарту сайысында облыс прокуратурасының ұжымы олжалы болды. Үздік ұлттық киім сайысында Көкшетау қаласы прокуратурасының бас маманы Г.Мыңбаева жеңімпаз атанды.

Барлық жүлдегерлер Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақмола облысы прокуратурасының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар