Қар күрт ерігенде өзендердің тасуы байқалады

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мұқанов пен аудандық төтенше жағдай бөлімінің бастығы Аят Серәлиев  көктемде қар жаппай еріген кезде өңірде өзендер суының күрт көтерілуі байқалатынын жеткізді.

Осындай жағдайлармен күресу үшін су тасқынына қарсы штаб құрылды. Оның жетекшілігімен биыл көктемгі кезеңде тасқын суларды дайындау және қауіпсіз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары орындалуда.

−Аудан әкімдігі  жергілікті бюджеттен төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға 8 миллион теңге қаржы бөлді. Сондай-ақ, шұғыл шығындарға 15 миллион  теңге, төтенше резервке 10 миллион теңге   көзделіп отыр. Олар су тасқынына дайындық мақсатында және қажет болған жағдайда зардаптарды жою кезінде пайдаланылатын болады. Төтенше жағдайларда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мамандандырылған инженерлік, эвакуациялық нысандардың 78 техникасын тарту жоспарлануда. Су тасқыны болуы мүмкін аймақта тұратын тұрғындар арасында аулалық аралау жүргізілді, су тасқыны кезеңінде эвакуациялау қажеттілігі туралы хабарламалар таратылды, −деді Руслан Мұқанов. – Әрбір үйге азаматтық қорғау күштері бекітілген. Су тасқыны кезеңінде 10 пункт құрылады.

Әкім орынбасарының сөзін жалғастырған Аят Серәлиев:

−Су тасқыны қаупі бар елді мекендерде мал айдау үшін арнайы орындар дайындалды. Сондай-ақ, аудан аумағында 11-12 наурыз аралығында Колутон және Аршалы өзендерінің арналары бойынша «Көкше Бур» серіктестігі  жалпы ауданы 2000 шаршы метр болатын 10 учаскеде қосымша жарылыс жұмыстарын жүргізді. Елді мекендерден қар шығаруға 10 миллион теңге бөлінді.  Астраханка ауылының периметрі бойынша өтетін ұзындығы 1200 метр негізгі шатқал тазартылды,−деді.

Осыған қарағанда, аудан басшылығының бар мақсаты биылғы көктемгі су тасқынын бодырмау жолында дәйекті жұмыстар атқару болып отыр.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар