— Ақмола облысында бір топ азамат ұрланған көлік құралдарын тіркеу және сатумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірдегі департаменті 2020-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстанға заңсыз жолмен көлік құралдарын әкелген азаматтардың әрекетін әшкереледі.
«Аталған азаматтар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжаттар жасап, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған», — деп жазды ведомстводан.
Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды (үкім заңды күшіне енген жоқ).