Айгүл Темірова: Дәрігерге керегі – адамгершілік, төзім, сауаттылық

– Ақ халат киген дәрігерлер, ем іздеген науқастар Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының қалпына келтіру емі бөлімшесінің дәрігері Айгүл Темірованың күнделікті өмірі. Еңбек өтілі 25 жылды құрайтын өз қызметіне адал жанның жеткен жетістігі мен алған асуы өзімен иық тірестіріп жүрген әріптес іні-қарындастарына үлгі болардай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кейіпкеріміз еңбекке деген құлшынысы мен табандылығының арқасында медицина саласында биік белестерге қол жеткізіп келеді. Білікті маман әрі өз ісіне адал жан дәрігер болуды бала кезінен армандаған екен.

«Мен өзім Новосібір облысының тудым. Мектепте жоғары сыныпта оқып жүргенімде соқыр ішекпен ауруханаға түстім. Сол кезде маған аурухананың атмосферасы қатты ұнағаны соншалық, мен дәрігер болуды шештім. Мектеп бітірісімен бірден Новосібір университетіне оқуға түсуге бел будым. Алайда, кейін бірінші емтиханды тапсырған соң, құжаттарымды қайтып алдым. Өйткені, бірден университетте оқуға жүрексіндім. Сөйтіп, Новосібір медициналық училищесіне түсіп, диплом алып шықтым. Артынша, жұмыс істеп жүрген кезімде Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетіне медицина факультетінен ұсыныс жасалды. Бұл жолы іштей қорқыныш жоқ, керісінше, биік асуларды бағындыруға құлшыныс болды. Кейін осы білім ордасын «емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмәмдап, екі жыл бойы неврология бойынша клиникалық резидентура, содан кейін аспирантурада білімімді шыңдадым. Осылайша, менің балалық арманым орындалды», – деп әңгімесін бастады дәрігер.

photo

 

Мәскеуде кейіпкеріміз болашақ жұбайымен, яғни халықтар достығы университетінде оқып жүрген көкшетаулық студент жігітті кездестіреді. Кейін екеуінің дәм-тұзы жарасып шаңырақ көтереді.

«2004 жылдан бері Көкшетауа тұрамын. Алдымен қалалық ауруханада, кейін қалалық емханада бес жыл невропотолог болып жұмыс істедім. Ал көпбейінді облыстық аурухана базасында осы қалпына келтіру емі бөлімшесі ашылған кезде невропатолог қажет болды. Сол кезде неврологиялық бөлімшенің меңгерушісі Макшарип Мартазанов ұсыныс жасады. Мен бұл ұсынысқа қуана келістім», – дейді Айгүл Темірова.

Қалпына келтіру емі бөлімшесінде орталық жүйке жүйесінің дертіне шалдыққандар, инсульт, бас миының ауыр жарақаттарын алғандар, жұлынға, жүйкеге, нейрохирургиялық, ортопедиялық оталар жасалған, жамбас сүйектерінің, аяқ-қолдардың сынуы және буындары ауыстырылған науқастар оңалтудан өтеді.

photo

 

Дәрігердің сөзінше, бөлімше 40 төсекке арналған және онда үнемі науқастар ем алады.

«Біздің команда кәсіби бірнеше маманнан тұрады, оның құрамына менен басқа үш невропатолог, психолог, логопед-афазиолог және инетерапевт кіреді. Физиотерапиядан бізге массаж терапевттері мен жаттығу терапиясының нұсқаушылары көмектеседі. Жұмыстағы жалғыз қиындық – науқастар санаты. Мысалы, жарты шарлық инсульттан кейін науқастар өте ауыр жағдайда болады. Олар өздігінен жүріп, тұра алмайды, үнемі медициналық көмекке мұқтаж. Біз оларды қайта отыруға, тұруға, қасық ұстауға, тамақтануға, сөйлеуге үйретеміз. Психолог көп жұмыс істейді, өйткені науқастарымыздың 40 пайызында пост инсульттан кейінгі депрессия болады», – деп қосты кейіпкеріміз.

photo

 

Бұл жағдайда науқастарды өмірге ынталандыру маңызды. Сондықтан бөлімшенің әрбір дәрігерін психолог деп те айтуға болады. Дегенмен, көп жағдайда, әрине науқастың өзіне, өмірге деген ұмытылысына да байланысты. Олардың екі санаты болады, бір нағыз «күрескерлер» өмір үшін күресетіндер, ал екіншісі салы суға кететіндер. Екіншісіне психологиялық көмек болмаса, біреу көмектеспесе аяғынан тұрып кетуі екіталай.

«Бірде бізге 80 жастағы қария түсті. Оның екі жамбас буыны ауыстырылған. Қарт адам десек те, өмірге деген құлшынысы күшті, үнемі позитивті көзқараста болды. Ең соңына тұрып билеп кетті. Аяғында дерті бар деп мүлдем ойламайсың. Тағы бір жағдай болды. Бұл жолы бала ми жарақатынан кейін ауыр жағдайда оңалтуға ауыстырылды. Сол кезде ол өздігінен тамақтана аламды, сөйлей де алмады, отыра алмады, бірде-бір функцияны басқара алмады. Жалғыз нәрсе, егер ол ауырса, көзімен білдіртті. Ұзақ уақыт назогастральды түтікке қосылғандықтан салмақ тапшылығы қаупті деңгейде болды. Алайда, соған қарамастан бірнеше оңалту курстарынан кейін ол отыруды, сөйлеуді, тамақтануды және жүруді үйренді», – деп еске алады дәрігер.

photo

 

Бір оңалту курсы 10 күнге созылады. Тоғыз ай ішінде адам оны араға бір ай үзіліс салып өте алады. Сонымен қатар, кез-келген қазақстандық портал арқылы қажетті ауруханада оңалудан өтуді таңдай алады.

«Біздің жұмыста ең керегі – адамгершілік, төзім, сауаттылық. Сондай-ақ бұл жұмыс адамды шыдамдылыққа үйретеді. Жауапты жұмыс болғандықтан, «Гипократ антын» мүлтіксіз орындауға тырысамыз. Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Бақытымызға орай, бізде өте жақсы команда бар және барлығы оңалтуға түскен әрбір адамға туысы сияқты қарайды. Бізден кейін оңалту курсына басқа қалаларға, жақсырақ жабдықталған басқа орталықтарға барған, содан кейін біздің көзқарасымыз мүлдем басқа екенін айтып, бізге оралған науқастар бар. Біз бұл брендті сақтауға тырысамыз. Біздің оңалту бөлімшеміз 2010 жылы елімізде алғашқылардың бірі болып ашылды. Биыл бөлімшенің ашылғанына он үш жыл болады», – дейді Айгүл Темірова.

Сонымен бірге, кейіпкеріміз бос уақыты кезінде студенттермен неврлогия курсы бойынша практикалық жұмыстар жүргізіп, мол тәжірибесімен де бөліседі.

«Қолым жұмыстан сәл босаған кезде неврология курсына практикалық сабақтарға келген студенттермен жұмыс істеймін. Негізі байқап отырғанымдай оңалтудың болашағы бар деп ойлаймын. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында Денсаулық сақтау саласын қолдауға баса назар аударған еді. Оның ішінде науқастарды оңалту мәселесін атап өтті. Елде инсульттан кейін де, басқа аурулардан кейін де халықтың мүгедектігі жоғары. Өкінішке орай, жастардың арасында да жарақат алу жиі кездеседі. Олардың барлығын қалпына келтіру керек. Біз осы бағытта жұмысымызды жалғастыра беретін боламыз», – деп түйіндеді дәрігер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар