Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күн тәртібінде – облыстық бюджет   - АРҚА АЖАРЫ

Күн тәртібінде – облыстық бюджет  

Таяуда сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының екінші кезектен тыс сессиясы болып өтті. Мәслихат  төрағасы Бейбіт Жүсіпов сессияға 32 депутаттың 31-і келгенін хабарлады. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, бірқатар басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 7С-23-2  «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Бюджеттің негізгі параметрлері мен ұсынылған өзгерістерді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев жеткізді.

Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-4 «Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы», 2017 жылғы 22 қарашадағы № 6С-16-7 «Ақмола облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Көкшетау және Қосшы қалаларының бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілді.

«Ақмола облысының аумағында тұрақты облысішілік әлеуметтік маңызы бар автомобиль жолаушылар тасымалдарына тарифті келісу туралы», «Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 «Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» мәселелер қаралды. Облыс әкімдігі жанындағы бірқатар консультативтік-кеңесші органдар мен комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Сессия аяқталғаннан кейін дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Облыстық мәслихаттың жұмысы, оның ішінде барлық деңгейдегі депутаттардың қызметіне мониторинг жүргізу және бағалау бойынша бірқатар ұйымдастыру мәселелері қаралды. Депутаттар бағдарлама әкімшілері мен облыс әкімінің орынбасары Е. Рамазановқа бірқатар сұрақтар қоя алды.

Мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов әріптестерін белсенді және сындарлы жұмысқа шақырып, облыстық мәслихат депутаттарына жерлестерінің барлық проблемалары мен мұқтаждары туралы хабардар болу үшін аудандық және қалалық мәслихат сессияларына үнемі қатысып отыру керектігін баса айтты. 13 сәуірден бастап облыс әкімінің өңірлердегі есеп беру кездесулері басталады, онда халық қалаулылары проблемалық мәселелерді көтеріп,  сайлаушылардың өтініштерін  жеткізу  мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар, мәслихаттың төрт тұрақты комиссияларының отырыстары өткізілді. Төрағалардың орынбасарлары сайланды, комиссиялардың жоспарлары мен міндеттері талқыланды.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар