Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы 2023 жылға арналған «Еңбек жолы» байқауына өтініштерді қабылдау басталды - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы 2023 жылға арналған «Еңбек жолы» байқауына өтініштерді қабылдау басталды

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы Еңбек күнін мерекелеуге арналған еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасындағы «Еңбек жолы» байқауына қатысу үшін өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру бойынша идеясын іске асыру мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесі атап өтіледі.

Еңбек күнін мерекелеу аясында Еңбек министрлігі жыл сайын еңбек әулеттері және өндіріс жұмыскерлері арасында «Еңбек жолы» республикалық байқауын өткізеді. Байқаудың мақсаты қазақстандықтарды ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктері үшін мақтан тұтуға тәрбиелеу болып табылады.

Конкурс 3 номинацияны қамтиды:

— «Үздік еңбек әулеті»,

— «Өндірістің үздік жас маманы»,

— «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».

Үміткерлердің өтініштерін қабылдау 2023 жылдың сәуір айынан 30 маусымына дейін жүргізіледі.

Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдерінде онлайн дауыс беру өткізілмейді. Конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын облыстық комиссия, ал, конкурстың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын республикалық комиссия анықтайды.

Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау Еңбек күніне арналған өңірлік еңбек форумдарында және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» республикалық форумында 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін өтетін болады.   Мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, облыстың барлық кәсіпкерлерін Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шараны өткізуге және «Еңбек жолы» конкурстарына белсенді қатысуға шақырамыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар