Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліміз білетін спорт шебері - АРҚА АЖАРЫ

Еліміз білетін спорт шебері

Бүгінде 75 жасқа тақаған, көп жылдар бойы спортқа ауқымды дәрежеде көңіл бөліп жүрген, спортты насихаттау жұмысын жандандыруда белсенділік танытқан,осы іске елеулі еңбек сіңірген Рамазан Ахатұлы Шаймерденов жайлы жылы пікір білдіріп,сыр тартудың орайы келгеніне қатты қуанған едім.Өйткені, ол туралы жазу маған оңай әрі отыздағы орда бұзатын жастық шағынан күні осы уақытқа дейінгі қызмет жолын біліп,танып келе жатқан мен үшін жақсының жақсылығын айтып нұрын тасыту абыройлы болатын.

Отыз жастан енді аса берген Рәкеңмен 1980 жылы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болған кезде жақын танысқанмын. Оған да аттай 43 жыл болып қалыпты-ау. Ол кезде Рамазан Ахатұлы аудандық ішкі істер бөлімінің старшинасы,танымал спортшы, күрестен спорт шебері еді. Спортшы үшін бұл атақты алу үлкен жетістік,үлкен белес. Оған  Рамазан Ахатұлы 1977 жылы 7-12 қараша айында Киев  қаласында күрестен өткізілген халықаралық турнирде II орын алғаны үшін қол жеткізді.Осы жетістігі жаңа жетістіктерге жігерлендіргені сөзсіз. Теңіз, Егіндікөл және Қорғалжын аудандарында өткізілген малшылар слетінде «түйе палуан» атанды, облыстық және республикалық деңгейлерде I және III орын иегері болды. Кезінде Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан чемпионатында жүлделі III орынға және бағалы сыйлыққа қол жеткізді. 70 жасқа толған мерейлі мерекесінде САМБО федерациясының «Самбо күресінің құрметті ардагері»  төсбелгісімен марапатталды.

Өмір жолы өнегелі болғандықтан, 2023 жылы аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Зейнеткерлікке шықса да сүйікті кәсібінен қол үзген жоқ.  «Жеңе білетін,жеңіске де жетеді»  дегендей,айтулы тұлғаларды еске алу спорттық шарасының ойдағыдай өтуіне жанашырлық танытып, жастарды спортқа тәрбиелеуде де белсенділік  көрсетті. 1994 жылы ауыл тұрғындарының көмегімен Алланың үйі мешіт құрылысының алғашқы әрі соңғы кірпішіне дейін қалауға атсалысқан белсенді азамат ретінде де көрінді.

Мен 2000-2011 жылдары спорт саласына басшылық еткен уақытта жасөспірімдерге арналған мұз айдынын құюға,шаңғы жарысын ұйымдастыруға, аудандық жазғы және қысқы спартакиадалардың өткізілуіне оң ықпалын тигізді.

Рамазан Ахатұлының бойындағы мынадай адами қасиеттерді де айтпай кетуге болмас. Өмір болған соң кейбір түсінбестіктер, бұлтарыс-қалтарыстар,тіпті, көзге шұқып,аяққа тұсау салғысы келетіндер де кездесе береді. Рамазан да осындай мектептен өткен. Алайда, ол кекшіл болған емес,қайта ондайларға кешірімпаздықпен қарайтын.

Адам еңбегімен ғана емес, өзінің қосағымен, ұрпағымен бақытты. Бүгінде Рамазан Ахатұлы өзінің жары Жанар Ілиясовамен бірнеше ұл-қыз өсіріп,немере  сүйіп отырған бақытты ата-аналар. «Ата жолын ұл қуар» дегендей, үлкен ұлы Қайрат Рамазанұлы дзюдодан Азия чемпионатында жүлделі II орынды иеленсе,немересі Наргиз Қайратқызы Оразбекова үш дүркін Азия чемпионы. Рамазан Ахатұлының шәкірттері Серік Ақаев Сабынды ауылының тумасы, спорт шеберлігіне кандидат, Ербол  Нұрғалиев спорт шебері, Баршын ауылының ішкі істер бөлімінің тергушісі.

Біз бүгін іргеміз біртұтас егеменді ел, дербес мемлекет болғанда өткендегі тарихи шындықтан неге шет қаламыз? Шет қалмайық. Болғанды айту керек, қайта бүгінгі ұрпаққа байыптап,дұрыстап түсіндіру қажет.

Бұл жалпы бірлік, бір тудың астына жиналу үшін де қажет. Халқымыздың өнер, тіл, спорт, білім, әдет-ғұрып, салт ерекшеліктерін сақтау кәсібін құрмет тұтып, одан әрі өрістете беру үшін өнегелі азаматтардың бәрін де дұрыс біліп, бағалап қалың бұқараға дұрыс түсіндіруіміз керек. Шәкәрім  Құдайбердіұлы айтқандай, дұрыс нәрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер.

Мұхит ШЕРМҰХАНҰЛЫ,
Қорғалжын аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар