Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Марат Қойшыбаев Степногорск қаласына жұмыс сапары аясында «Горняк» мәдениет үйінің шығармашылық ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында шешімін күткен проблемалар, оның ішінде «Мирас» мәдениет үйін жөндеу мәселелері талқыланды. 1964 жылы салынған ғимаратты жөндеуге арналған техникалық-экономикалық негіздеме қазіргі уақытта тиісті сараптамаға жіберілген.
Бұдан кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді. «Алтыналмас» АҚ кәсіподақ төрағасы А.Бүртебаев қабылдауға ұжымдық шарттың әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерге, жұмыстан босатуға байланысты қызметкерлердің құқықтарын қорғау бөлігіндегі тармақтарын орындауға қатысты мәселелермен келіпті. Марат Советұлы бұл мәселе туралы түсініктеме берді. Қала тұрғыны Н.Баскакова жұмысқа орналасу туралы өтінішпен жүгінді. Бұл мәселе оң шешілді: М. Қойшыбаев «ADELYA GOLD» ЖШС бас директоры Нұрлан Айтқазинмен кәсіпорын аталмыш жылдың үшінші тоқсанында іске қосылғаннан кейін келушіні жұмысқа алу туралы келісімге келді.
Сонымен қатар, Марат Қойшыбаев Степногорск қаласының энергокешен блогында болып, ЖЭО, «СтепногорскЭнергосбыт» ЖШС басшылығымен және ұжымымен, сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесуге қатысушылар кәсіпорынның проблемалық мәселелерін талқылады, оның барысында жалақының төмендігі, бос жұмыс орындарының болуы, реттелетін қызметтерді көрсетуге арналған шығынды тарифтер қозғалды.
Сондай-ақ, Марат Қойшыбаев «LimfaSi» ЖШС-інде де болды. Кәсіпорынды Степногорск қалалық мәслихатының депутаты, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Данияр Қинаятов басқарады. Онымен баламалы медициналық қызметтер көрсету бойынша жеке клиниканың тәжірибесі зерделенді, хирургиялық бейіндегі кереуеттерді, тамырлы хирургия, нейрохирургия, офтальмология, урология қызметтерін енгізу, күндізгі стационарды дамыту мүмкіндіктері қаралды.
Қарабұлақ ауылының жергілікті қоғамдастық төрағасы, еңбек ардагері Қайыргелді Әйтімовпен кездесу барысында Қарабұлақ ауылының даму перспективалары, оның ішінде «Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде бірқатар жобаларды қаржыландыру мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, биылауыл көшелерін жөндеу және мәдениет үйін салу жұмыстары басты орын алады.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.